18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен жаңа әндер — осынау ауқымды жұмыстың артында үлкен еңбек жатыр, алда көрермендермен көптен күткен кездесулер күтіп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін Димаш жаңа бағдарламаның дайындық барысында түсірілген кадрлармен бөлісті. 8 елдің 11 қаласында өтетін 12 концерт — ұлы сапардың бастамасы ғана. Кездескенше, қымбатты достар!
18 октября Краков, Польша
24 октября Дюссельдорф, Германия
30 октября Мадрид, Испания
11 ноября Мерида, Мексика
14 ноября Монтеррей, Мексика
17 ноября Гвадалахара, Мексика
19 ноября Мехико, Мексика
20 ноября Мехико, Мексика
22 ноября Богота, Колумбия
24 ноября Сантьяго, Чили
1 декабря Лима, Перу
12 декабря Сентул-Сити (Джакарта), Индонезия
Билеттер:
https://en.dimashnews.com/events-schedule/
«DIMENSIONS» («Өлшемдер») бағдарламасы — уақыт пен кеңістікті шарлау емес, көрерменмен өзара байланыс арқылы адамның ішкі болмысын ашу.
«DIMENSIONS» атауы Димаштың сан қырлы болмысын — өнер иесі, шығармашылық тұлға әрі жарқыраған сахна жарығынан тыс өзінің шынайы қалпындағы адам ретіндегі болмысын бейнелейді. Бұл оның сахнаға шыққан сәттегі қуаты мен жарқылынан, төл мәдени тамырына деген адалдығынан, жан түкпіріндегі терең нәзіктігінен, жүріп өткен жолында жинақтаған ой-толғаныстарынан және өз болмысының тереңінен жауап іздеуге жетелейтін рухынан көрініс табады.
Әлем Димашты ең алдымен теңдессіз дауыс иесі ретінде таныды. Ал бұл концерттің мақсаты — сол дауыстың артында тұрған адамды танытып, Димаштың болмысын барынша толық әрі сан қырынан көрсету.
Эмоциялар, естеліктер мен өмірлік тәжірибенің үзік көріністері арқылы сахна оның ішкі әлемінің қырларын біртіндеп аша түседі. Нәтижесінде біз әртүрлі «өлшемдерге» бөлініп кеткен сан алуан бейнелерді емес, тұтас бір тұлғаны көреміз. Оны туған жерге деген сүйіспеншілік, берік ұстанымдар, жаңа белестерді бағындыруға деген ұмтылыс және өз болмысына адалдық біріктіреді.



