Басты бет Dimash World Димаш Құдайбергеннің «Golden» бейнебаянын қалай түсірді: бэкстейджден бейне

Димаш Құдайбергеннің «Golden» бейнебаянын қалай түсірді: бэкстейджден бейне

Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube-арнасы Golden музыкалық бейнебаянының бэкстейджін ұсынады.

Режиссер Олжас Баялбаев, қоюшы-оператор Азамат Дулатов, сценарист Әлібек Әбдіхалық, Димаштың өзі және қызықты релизді шығару үшін жұмыс істегендердің барлығы көрермендерге түсірілімнің қалай өткендігі, жұмыс кезінде қандай қызықтар болғанын және процесте қандай қиындықтарға тап болғаны туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, 31 қаңтарда TIXR платформасында «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертінің ақтық көрсетілімінен кейін Димаштың «Golden» музыкалық бейнебаянының премьерасы өтті.

Музыкалық бейнебаян қазақстандық орындаушының шығармашылығында форматы бойынша бұрын соңды болмаған мүлдем жаңа жұмысқа айналды.