ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Димаш Құдайбергеннің орындаушылық өнері – саяхатшыларды өзіне тартатын магнит...

«Димаш Құдайбергеннің орындаушылық өнері – саяхатшыларды өзіне тартатын магнит іспетті»: британ басылымында Астана туралы мақала жарық көрді

Dimash World «Димаш Құдайбергеннің орындаушылық өнері – саяхатшыларды өзіне тартатын магнит іспетті»: британ басылымында...

«Димаш Құдайбергеннің орындаушылық өнері – саяхатшыларды өзіне тартатын магнит іспетті»: британ басылымында Астана туралы мақала жарық көрді

Ұлыбританияның «Wanderlust» журналында Қазақстанның астанасына арналған «Астананың заманауи рухын таныңыз – Қазақстанның креативті астанасы» атты мақала жарияланды. Мәдениет пен шығармашылыққа арналған бөлім халық әртісі Димаш Құдайбергеннің өнерінен басталады.

«Астана – қиял мен инновация заманауи жарық пен ашық кеңістікте жүзеге асатын қала. Бұл – батыл инженерлік шешімдер мен футуристік биік ғимараттар Ұлы даланың тарихын жадында сақтаған тірі мәдениетпен қатар өмір сүріп жатқан мекен. Көкжиектегі әрбір силуэт ертеңге көз тіксе, әрбір көше осы қаланың бастау алған көшпелі мәдениетінің ізіне толы», – деп басталады «Wanderlust» журналындағы Қазақстан астанасы жөніндегі тартымды әңгіме.

1993 жылдан бері жарық көріп келе жатқан бұл басылым саяхат, мәдениет және табиғат тақырыптарын қамтитын Ұлыбританиядағы туристік журналдар арасында кең таралымға ие журнал. «Wanderlust» мақалалары практикалық кеңестерді, мекендерге жасалған шолулар мен авторлық сапар тарихын қамтиды.

Астанаға арналған мақалада басылым қаланың заманауи архитектурасы мен дизайн ерекшеліктерін ашып көрсетіп, жолаушыларға арналған қызықты бағыттарды ұсынады. Сондай-ақ астананың ең ерекше атмосфералы орындары туралы баяндайды.

Шығармашылыққа арналған бөлімде авторлар Димаш Құдайберген өнерінің елге көптеген туристерді тартудағы магнетикалық ықпалына төмендегіше тоқталады:

«Егер Астананың сәулеті қаланың мәдениетін көрнекі түрде танытатын құбылыс болса, оның материалдық емес мұрасы да соншалықты жарқын көрініс табады. Мұны Қазақстанның туризм жөніндегі елшісі, Димаш Құдайберген феномені айқын дәлелдейді. Оның концерттері әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлерді жинап, оларды Қазақстанға сапар шегуге ерекше ынталандырып жүр. Әншінің вокалдық диапазоны алты октавадан асады (шамамен C2–D8), тіпті ысқырық регистріне дейін жетеді. Гастрольдік сапарлары мен арнайы жобаларының арқасында оның өнері саяхатшылар үшін нағыз мәдени «магнитке» айналып отыр».

Толық мақаланы төмендегі сілтеме арқылы оқуға болады:
https://www.wanderlustmagazine.com/inspiration/modern-spirit-of-astana/

Соңғы жаңалықтар

Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

2026 жылдың 11 сәуірінде Қытайдың Макао қаласындағы Venetian Macao Arena алаңында «2026 Weibo Gala 微博文化交流之夜» атты салтанатты кештің ашылуында...

Бәйтерек жанындағы қойылымдар: Қазақстан астанасы Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon шоуын қарсы алды

Астана – болашақтың қаласы, әлемдегі ең жас астаналардың бірі. 2026 жылғы 9 сәуірде елорда Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon...

Қазақстанда өткен Димаш Құдайбергеннің жаңа сұхбаты

Freedom Inside форумы аясында Димаш Құдайберген Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиеваға сұхбат берді. Әңгіме басында алғашқы сұраққа жауап бере...

Димаш Кудайберген Freedom Inside форумына қатысты

2026 жылы 9 сәуірде Астанада алғаш рет Freedom Inside форумы өтті. Пікірталас алаңының жұмысына шақырылған амбассадор ретінде Қазақстанның Халық...

Бакир Тәжібаев: әндері халықтың үніне айналған ақын

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірі, 2026 жылғы Наурыз айы. Республика алаңында көпшілікке кеңінен танымал «Ақбұлақ» әні шырқалуда. Аталған туындыны...