ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

Dimash World Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

14 қарашада Германия астанасында өткен жеке концертінде Димаш Құдайберген өзінің «Stranger» турын жалғастырды. Бұл қазақстандық әртістің Берлиндегі алғашқы концерті. Бұған дейін ол 2022 және 2024 жылдары Дюссельдорфта өнер көрсеткен болатын.

Бүгін Max-Schmeling-Halle сахнасында Димаштың өзінің он авторлық туындысымен қоса, жалпы алғанда жиырмадан астам композициясы орындалды.

Жас Димаштың алғашқы шығармаларының бірі — «Ұмытылмас Күн» әні 2016 жылғы алғашқы концерттік турынан бастап әрбір жеке концертінде орындалып келеді. Ол кезде бұл тур дәл осы авторлық композицияның атымен аталған еді.

10 жыл ішінде бұл әнді әлемнің көптеген елдеріндегі тыңдармандары жаттап алып, әрбір концертте Димашпен бірге сол бір ұмытылмас күнді үлкен сезіммен бірге шырқайды.

Бүгін осы және басқа да көптеген композициялар орындалғанда көрермендердің қолындағы шамдар жанып, бүкіл залға керемет сұлулық пен сиқыр сыйлады.

Бұл акцияны Dimash Fanclub Deutschland клубы тыңдармандарға алты мыңнан астам шам таратып, ерекше ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген болатын.

«Give Me Your Love» — алғаш рет 2019 жылы Мәскеуде өткен Димаштың жеке концертінде орындалған жарқын әрі динамикалық ән. Хореографиялық көрініспен безендірілген бұл туынды әрбір концерттік бағдарламада орындалып келеді.

Сондай-ақ 2021 жылы Dimash Digital Show онлайн-концертінде алғаш орындалған «Be With Me» авторлық әні де көрерменді жігерлендіретін композициялардың бірі. Бұл шығармадан Димаштың тек вокалист және биші ғана емес, рэп орындаушы ретіндегі таланты да айқын көрінеді.

«Smoke» және «When I’ve Got You» композицияларын Димаш алғаш рет 2023 жылы Гонконгтағы жеке концертінде орындаса, «Fire» әні 2024 жылы Астанадағы шоуда ұсынылды. Америкалық әріптестерімен бірлесіп жасалған бұл туындылардың барлығына кинематографиялық өрнек тән, бұл вампирлік және тыңшылық тақырыптағы клиптерден де байқалады.

Димаштың авторлық жұмыстарына абсолютті әртүрлілік тән екені сөзсіз. Мұны 2022 жылы Алматыда өткен «Stranger» турының атаулы концертінде алғаш кең аудиторияға ұсынылған терең философиялық мазмұны бар «El Amore En Ti» және «The Story Of One Sky» атты екі ірі туынды растайды. Бүгінгі Берлиндегі концертте де бұл туындылар көрермендердің ерекше эмоциясын тудырды.

2025 жылғы концерттік тур Димаштың жаңа жазған туындыларымен толықты. Нью-Йорктегі премьера күнінен бастап тыңдармандар қазақ тіліндегі «Самғау» әнінің және ағылшын тіліндегі «Living For The Game» композициясының релизін асыға күтуде.

Құрметті достар, Димаштың келесі жеке концерті 30 қарашада Египетте «The Pyramids Echo» фестивалі аясында екі сағаттық шоу форматында өтеді.

Ал «Stranger» турының жалғасы 12 желтоқсанда Латвияның Рига қаласында өтеді.

Іс-шараларға билеттерді төмендегі сілтеме арқылы алуға болады:
https://en.dimashnews.com/events-schedule/

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Катон-Қарағай ауданына музыкалық фестивальге қатысу үшін келді

10-11 шілде күндері Қазақстандағы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі өтуде. Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан,...

Бельгия радиостанциялары Қазақстан мен Димашқа арналған эфирлерде Ұлттық домбыра күнін атап өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күніне орай Бельгияның бірден екі радиостанциясы өз эфирлерін осы мерекеге және Димаш...

Чилилік Dears Димаштың Чилиге алғашқы сапарына арналған музыкалық тарту әзірледі

Чилидегі Димаштың жанкүйерлері өнер иесінің көптен күткен алғашқы сапарына орай ерекше шығармашылық жоба дайындады.  https://www.youtube.com/watch?v=3kd-dgeJmZ0 Жобаны жүзеге асыруға Чилидің әртүрлі қалаларынан...

Димаштың Нью-Йорктегі фан-клубы Қазақстанның Бас консулдығынан алғыс грамотасын алды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін біріктіретін New York Dears жанкүйерлер қауымдастығына Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының алғыс грамотасы табысталды. Марапатты Қазақстан...

Қытай мен малайзиялық «Voice Beyond Horizon» жобасының жүлдегерлері – Қазақстан мен Димаштың шығармашылық ынтымақтастығы және жаңа тәжірибе туралы

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік бастамасымен жүзеге асқан «Voice Beyond Horizon» жобасына 6 елден 8 өнерпаз қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық...