ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаш Құдайберген өзінің әлемдік туры аясында Еуропаның бір астанасынан...

Димаш Құдайберген өзінің әлемдік туры аясында Еуропаның бір астанасынан екінші астанасына келді – әнші Берлинге ат басын тіреді

Басты жаңалық Димаш Құдайберген өзінің әлемдік туры аясында Еуропаның бір астанасынан екінші астанасына келді...

Димаш Құдайберген өзінің әлемдік туры аясында Еуропаның бір астанасынан екінші астанасына келді – әнші Берлинге ат басын тіреді

Димаш Лондонда өткен концертінен кейін 13 қараша күні Германияның астанасы Берлинге келді. Ал ертең, 14 қарашада, Max-Schmeling-Halle аренасында әншінің «Stranger» шоуы өтеді.

Берлинге алғаш келген қазақстандық әртісті және оның командасын  Берлин-Бранденбург әуежайында жанкүйерлері гүл шоқтармен және «We Are Golden» әнімен қарсы алды.

Димаштың концерті Max-Schmeling-Halle атты Берлиндегі ең ірі спорт және мәдениет кешенінде өтеді. Бұл арена 1993–1997 жылдары Joppien Dietz Architekten сәулет бюросының жобасы бойынша, қаланың 2000 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтініміне байланысты салынған болатын. Кешен әйгілі неміс боксшысы Макс Шмелингтің есімімен аталады .

Фридрих Людвиг Ян атындағы спорт паркінде орналасқан аренада халықаралық спорттық жарыстар, концерттер, шоу мен конгрестер өткізіледі.

Концертте кездескенше, достар!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

24 қарашада Чили астанасында Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы бұл кеште Сантьягоның ең ірі...

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....