19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы» атанған Алматыға табан тіреді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында өткен концертте алты елден келген вокалистер бір сахнада өнер көрсетті.
![]()
Концерттік бағдарламаны жобаның музыкалық сарапшысы, Қытайдың танымал әншісі Джулия Пэн ашып берді. Алматының шуақты атмосферасынан алған жайлылық пен қуанышқа толы сезімін жеткізе отырып, ол жобаны таныстыру үшін «喜歡两个人» («Екеу болып жүрген ұнайды») атты романтикалық композицияны таңдады.
![]()
Жаңа орында алғаш өнер көрсету әрдайым үлкен жауапкершілік пен толқуды тудыратыны сөзсіз. Дегенмен, қытайлық қатысушы Чжан Синьюй «难解» («Шешімі жоқ») атты жаңа әнін сенімді әрі жоғары деңгейде орындады. Ол тибеттік көмеймен ән айту тәсілдерін шебер қолданып, көрермендердің ықыласына бөленді.
Қазақстандық Нұржас Садырбаев Джош Гробанның «Per te» («Сен үшін») атты туындысын итальян тілінде орындады. Музыка арқылы махаббат хикаясын әсерлі жеткізе білген әнші шығарманың эмоциялық қуатын әрбір көрерменге сезіндіре алды.
![]()
Қырғызстандық Нур Чолпон Қазақстан мен Қырғызстанда кеңінен танымал «Анашым» әнін ерекше аранжировкада ұсынды. Қазақстандық композитор Марат Омаровтың бұл туындысын әнші барша аналарға арнап, олардың мейірімі мен қамқорлығынсыз адам өмірін елестету мүмкін еместігін бар ықыласымен жеткізе алды.
Қытайлық вокалист Цай Чэнъюй Қытайдың классикалық төрт романының бірі – «Батысқа саяхат» желісі бойынша түсірілген туындының басты әні «通天大道宽阔» («Кең де даңғыл аспан жолы») шығармасын орындады. Әнші бұл композицияны бала кезінен ұнататынын айтып, бұрын соңлы болмаған музыкалық бағытта тәжірибе жасауды көптен күткенін жеткізді.
![]()
Қытайлық әнші Ла Даньчжу Сычуань провинциясындағы Ляншань өңірінің и (ицзу) халқының дәстүрлі үйлену киімін киіп, көне «波阿妞妞» («Боанюню») әуенін орындады. Оның орындауындағы туынды таулар мен өзендерді жаңғыртқандай әсер қалдырып, көрермендерге ерекше эстетикалық әсер сыйлады.
Сербиялық Принц өз елі үшін маңызды «Aiša» («Аиша») әнін орындап берді. Бұл шығарма османдықтар мен сербтер арасындағы махаббатқа тыйым салынған кезеңді бейнелей отырып, барлық кедергілерді жеңетін махаббаттың символы ретінде ұсынылды.
Малайзиялық әнші Джерил Ли «冲破» («Серпіліс») әні арқылы есею мен рухани азаттық тақырыбын ашты. Ол Қазақстанға сапары барысында жаңа адамдармен танысып, жаңа әсерлер алғанын және шығармашылығы арқылы ішкі сезімдерін жеткізуге ұмтылып жүргенін атап өтті. Музыкалық сарапшы Джулия Пэн осы ән мен жобадағы жұмыс барысы арасында ұқсастық бар екенін айтып, күнделікті еңбектің қиындықтарды еңсеру, ауа райына тәуелділік және түрлі сынақтармен бетпе-бет келу арқылы жүзеге асатынын жеткізді.
![]()
Концерт соңында италиялық қатысушы Джулия Фальконе «Je danse seule» («Мен жалғыз билеймін») атты авторлық әнін ұсынды. Әнші бұл туындысының негізгі идеясы – батыл болудың маңызын атап өтіп, жалғыз сезінген сәттерде де өз жолынан таймау керектігін атап өтті.
Сахнадағы әрбір қойылым Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің көріністерімен сүйемелденіп, концертке кинематографиялық сипат берді. Әуендер қарлы шыңдар, терең шатқалдар, мөлдір көлдер мен қалалар үстінде қалықтап, адамдар мен табиғатты біртұтас Жібек жолы кеңістігінде тоғыстырды.
Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде жетінші шығарылымның жеңімпазы Джерил Ли атанды. Үздік үштікке сондай-ақ үшінші орынды иеленген Нұржас Садырбаев және екінші орынды бөліскен Цай Чэнъюй мен Джулия Фальконе енді.
Келесі шығарылымда қатысушылар Алма фестивалінің қызу атмосферасына еніп, көл жағасындағы табиғаттың тыныштығынан шабыт алып, жаңа әсерлі нөмірлерін дайындайды.
«Біздің халық даналығымызда айтылғандай: Өнер ұлтқа бөлінбейді және тілдік кедергілерді мойындамайды. Ал қатысушылар мұны іс жүзінде дәлелдеп жатыр. Осы бағдарламаның барлық өнерпаздарының арқасында бұл ұстаным шынайы әрі нақты көрінісін табуда. Қатысушыларға өзімнің шын жүректен шыққан алғысымды білдіремін. Бірлігіміз артып, барлығымыз бір-бірімізбен иық тірестіре тек алға ұмтылайық. Өсе берейік, өне берейік»
Димаш Құдайберген
![]()