ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы барлық интернет-платформаларда...

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы барлық интернет-платформаларда 1,5 миллиардтан астам қаралым жинады

Dimash World Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы барлық интернет-платформаларда 1,5 миллиардтан астам...

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы барлық интернет-платформаларда 1,5 миллиардтан астам қаралым жинады

Екі ай бойы Димаш Құдайбергеннің продюсерлік жобасы – «Voice Beyond Horizon» әлемді аралап, жас вокалистердің талантын ашып, Қазақстанның бірегей табиғи сұлулығын жаһан жұртшылығына танытып келеді. Бүгін біз шоудың сегіз эпизоды жарық көргеннен кейінгі кейбір рейтингтік көрсеткіштермен бөлісуді жөн көрдік.

1,5+ миллиард – интернеттегі жалпы қаралым саны
CMMR компаниясының деректері бойынша, шоудың мақұлдау индексі 100% құрап, барлық интернет-платформалардағы жалпы қаралым саны 1,59 миллиардқа жетті. Жоба Dengta, Vlinkage және Endata платформаларының статистикасы бойынша бірінші орынға шығып, кең аудитория мен тұрақты көрермен қызығушылығын көрсетті.

8 апта қатарынан 4 рейтинг бойынша 1-орын
Ұлттық желі рейтингі CSM және қалалық рейтингтер CSM (71 қала) деректеріне сәйкес, шоу Қытай өңірлік спутниктік телеарналары арасында рейтинг бойынша бірінші орын иеленді. Kuyun Data және Huanwang Data компанияларының нақты уақыт режиміндегі көрермен саны жөніндегі статистикасы да жобаның өңірлік спутниктік арналар арасында көшбасшы екенін дәлелдеді.

Қатысушылардың шоу жасаған видеолары 1 миллионнан астам қаралым жинады
Қытайдың жетекші музыкалық сыншылары мен интернет-инфлюенсерлері бағдарламаны «музыкалық шеберлік пен мәдени құндылықты үйлестірген жоғары сапалы туынды» деп бағалап, көптеген рецензиялар жариялады. Онда әншілердің орындаушылық деңгейіне қатысты жан-жақты пікірлер мен жоғары баға берілген.

Бағдарлама шетелдік әлеуметтік желілерде де жылдам таралып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі блогерлер оны белсенді түрде қолдап, бөлісіп отырды. Шоудың ерекше атап айтарлық тұстары YouTube секілді халықаралық платформаларда кеңінен тарап, түрлі елдердің блогерлері өздерінің реакциялық видеоларын жариялап, аудитория арасында жоғары белсенділік тудырды.

Орталық және жетекші БАҚ тарапынан 500+ ұсыныс
Қытайдың ең беделді басылымы «Жэньминь Жибао» жобаны үш мәрте жоғары бағалап, оның мәдени алмасу саласындағы ерекше маңызын атап өтті.
«Синьхуа» ақпарат агенттігі де Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар үшін маңызды болып табылатын бұл іс-шараға ерекше назар аударып, жобаның ерекше құндылығы мен инновациялық тәсілдеріне терең талдау жасау мақсатында арнайы репортаж әзірлеуде.

Ал «Гуанминь Жибао» газеті жобаның «көркемдік сапаны сақтай отырып, Ұлы Жібек жолы мәдениетіне деген жанашырлықты жеткізетінін» атап өтті. Сонымен қатар басылым Түркістанның көне мәдениетін үш өлшемді форматта көрсету, Ақтаудағы Каспий теңізінің көріністері мен Алматыдағы мәдени кездесулерді ерекше атап өтіп, жобаның «география, тарих пен мәдениетті музыкалық шығармашылық үдерісіне енгізгенін» жоғары бағалап кетті.

Жоба 300+ рет түрлі платформаларда танымал тақырыптар қатарына енді
Жобамен байланысты тақырыптар түрлі платформаларда, соның ішінде Weibo, Red Note, TikTok желілерінде 329 рет өзекті трендтер тізіміне еніп, интернеттегі танымалдылығы артып келеді.

5 елде 5 түрлі деңгейдегі 15 мемлекеттік мекемеден 30+ ресми қолдау
Малайзияның Қытайдағы елшілігі Weibo, Kuaishou және өзге платформалардағы бағдарлама туралы алты материал жариялады. Елшілік малайзиялық әнші Ли Пэйлинді таныстыра отырып, Түркістаннан түсірілген кадрларды ұсынды. Соның нәтижесінде малайзиялық көрермендер Қазақстанның табиғи және мәдени көркемдігін алғаш рет жақыннан тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Қырғыз Республикасының Қытайдағы елшілігі және Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігі Facebook пен Instagram парақшаларында Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігінің ресми хабарламасын бөлісті. Бағдарлама қатысушылары шоу мүшесі Нұр Чолпонның Түркістан ауылындағы жергілікті өнерпаздармен қарым-қатынасын көрсетіп, қырғыз халқына көрші Қазақстанның мәдени мұрасы мен қонақжайлылығын кеңінен танытты.

Италияның Қытайдағы елшілігі де Weibo желісіндегі ресми аккаунты арқылы шоу туралы материалдар жариялап, алты елден келген жас музыканттарды біріктіретін бұл мәдени жобаны қолдайтынын және жоғары бағалайтынын ерекше атап өтті.

«Voice Beyond Horizon» өз сапарын жалғастыруда – жаңа шығарылымдарды әр бейсенбі Hunan TV мен Mango TV платформаларынан, ал әр сенбі Qazaqstan телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы барлық интернет-платформаларда 1,5 миллиардтан астам қаралым жинады

Екі ай бойы Димаш Құдайбергеннің продюсерлік жобасы – «Voice Beyond Horizon» әлемді аралап, жас вокалистердің талантын ашып, Қазақстанның бірегей...

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы алғаш рет Коста-Рика радиосында

30 наурыз күні Коста-Рикада алғаш рет ұлттық радиоэфирде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің Screaming композициясы қойылды. Трансляция Extra Radio 92.3...

«Алма фестивалі», Арбат және Қайыңды көлі – Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» шоуының қатысушылары Қазақстанда жаңа сапарда

«Voice Beyond Horizon» шоуының сегізінші эпизодында қатысушылар Алматыдағы алғашқы сахналарынан соң сәл тыныстап, Тянь-Шань баурайында орналасқан «Алмалар қаласында» фольклорлық...

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жанкүйерлері туралы мексикалық El Heraldo басылымында жарияланды

Мексикалық El Heraldo de Chihuahua газетінде қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау және Мексикадағы жанкүйерлерінің белсенділігіне арналған материал жарық...

АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

Нью-Йорк қаласында, нақтырақ айтқанда Таймс-сквер алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Аталған мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, дипломаттарды, студенттер...