ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы эфирге шықты. Түркістан облысы мен Маңғыстау облысын әлемдік аудиторияға таныстырған бағдарлама ендігі бағытын Алматы қаласына қарай бұрды.

Экваторлық кезеңнен өткен бұл жоба көрермен қызығушылығын тек қатысушылардың кәсіби деңгейде орындалған вокалдық нөмірлері арқылы ғана емес сақтап келе жатпағаны айқын. Әр шығарылым сайын сахнадағы келесі көрсетілім үшін әр түрлі сипатта интригада ұстап отырады. Сонымен бірге, Қазақстанның көркем табиғи локацияларында жүргізілген даладағы ауқымды түсірілімдер көрерменнің назарын әртістердің өнер көрсету аралықтарында да тұрақты ұстап тұрады.

Телевизиялық рейтингтер бойынша қатарынан 6 жеңіс

Жобаның бас режиссері Ло Синьсин мырза соңғы жылдары кең таралған «дайындық – жарыс – іріктелу» секілді тұйық циклден шығатын жаңа форматтың ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, Voice Beyond Horizon дәстүрлі үлгіден өзгеше бағытты таңдап, қатысушылар мен продюсерлерге мәдени-танымдық зерттеулер барысында алған әсерлері негізінде музыкалық мазмұн қалыптастыруға мүмкіндік берген. Режиссердің пікірінше, «алдымен рухани дайындық, кейін бәсеке» қағидатына құрылған баяндау құрылымы көрерменге алдын ала репетицияланған қойылымды емес, тілдік әрі ұлттық шекаралардан асып өтетін импровизациялық шығармашылық диалогты ұсынады.

Жобаны жүзеге асырудағы халықаралық ынтымақтастыққа тоқталған режиссер «шетелдік инвестициялар + қытайлық өндіріс + жаһандық алмасу» қағидатына негізделген жаңа бизнес-модельдің қалыптасқанын атап өтті. Бұл тәсіл мәдени ықпалдастықты тек коммерциялық қатынастар шеңберінен шығарып, серіктестік деңгейіне көтереді.

Hunan TV мәліметінше, «Voice Beyond Horizon» жобасы Mango TV ұсынған «локализацияланған бірлескен шығармашылық» бағытындағы репрезентативті жобалар тізіміне енгізілген. Қазақстанды негізгі тірек нүкте ретінде ала отырып, бағдарлама географиясын Қырғызстан, Өзбекстан және Орталық Азияның өзге де елдеріне кеңейту жоспарлануда. Бұл бастама Орталық Азия, Таяу Шығыс және Африка аймақтарындағы Жібек жолы тораптарын өзара байланыстырып, шынайы «сенімді Жібек жолын» қалыптастыруды көздейді.

Интернет кеңістігінде 206-дан астам трендтік (ең көп ізделген) тақырыптар тіркелген.

Жобаның бас режиссері Ло Синьсин мырза Hunan TV тарапынан шетелде түсірілген алғашқы жоба аясында түсірілім тобы бірқатар күрделі міндеттерді еңсергенін атап өтті.

Біріншіден, трансшекаралық цикл мен түсірілімдердің жоғары қарқындылығы ерекше назар аудартады. Түсірілім процесі 22 күнге созылып, Қазақстанның төрт қаласы мен алты өңіріндегі бірқатар көрікті нысандарды қамтыды. Негізгі түсірілім тобы 60 маманнан тұрса, қатысушылардың қозғалысын ұйымдастыру, табиғи және тарихи локациялар бойынша (ескерткіштер, дала алқаптары, көлдер және т.б.) логистиканы қамтамасыз ету, сондай-ақ «жол үстінде» концерттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін қосымша 100 адамнан тұратын топ жұмылдырылды.

Екіншіден, өзекті мәселелердің бірі – стандартталмаған алаңдарда сахна құру және дыбыстық кеңістікті басқару мәселесі болды. Көл ортасындағы шағын арал мен Каспий теңізі жағалауы және қарлы таулы аймақтарда тікелей эфирге арналған сахналық алаңдарды ұйымдастыру барысында ауа райы мен қоршаған орта факторларының акустикалық сапаға әсерін болдырмау үшін арнайы бейімделген техникалық шешімдер мен төтенше жағдайларға арналған сенімді іс-қимыл жоспарлары әзірленді.

Соңында, мәдени айырмашылықтардың тереңдігін ескере отырып, жергілікті ортада тиімді интеграция жүргізу қажеттілігі туындады. Түсірілім тобы көптілді коммуникацияны үйлестіру, жергілікті дәстүрлерді құрметтеу мен шектеулі уақыт ішінде шығармашылық идеяларды сахналық туындыларға айналдыру міндеттерін қатар атқарды. Бұл өз кезегінде мәдени алмасуды тек «бейнелеу» емес, оны «сезіну» деңгейінде жеткізуге мүмкіндік берді.

Бұл шоу түрлі елдердің мемлекеттік мекемелерінің де қызығушылығын тудырды

Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан, Малайзия, Италия, Қырғызстан және Сербия елдеріндегі Қытай елшіліктері, сондай-ақ оларға қарасты мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары жобаны ресми әлеуметтік платформаларда бірнеше рет «ерекше ұсынылатын контент» ретінде жариялаған. Атап айтқанда, Малайзияның Қытайдағы елшілігі Weibo, Kuaishou және өзге де платформаларда бағдарламаға қатысты алты материал жариялап, тұрақты аудиториялық қызығушылық қалыптастырды. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі де жобаның фото және мәтіндік материалдарын ресми парақшаларында жариялаған. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламаға қатысты құттықтау хат жолдап, оның екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы оң маңызын атап өтті.

https://mp.weixin.qq.com/s/BfMTP16Ra8duqLeYO-DaAg

Орталық БАҚ бағасы: қатысушылар өнері «асқақ деңгейге» жеткен

Орталық бұқаралық ақпарат құралдарының бағалауынша, Димаш Құдайберген орындаған «Samgau» композициясы туған жерге деген терең сүйіспеншілік пен болашаққа сенімділікті әсерлі музыкалық тілмен жеткізеді, ал «ұшу» бейнесі жас буынды арман жолында батыл қадам жасауға ынталандырады.

https://m.weibo.cn/status/5275705208471697

Сондай-ақ Нұржас пен Принцтің «Tamo daleko / Samal tau» бірлескен композициясы әртүрлі халықтардың тарихи жадысын тоғыстырып, ұлттық болмыс пен ортақ гуманистік құндылықтарды көркем түрде біріктірген. Орындаушылардың әрқайсысы өз ана тілінде ән шырқай отырып, Отанға деген сағыныштарын жеткізіп, бейбітшілікті тасихаттайды.

https://m.weibo.cn/status/5275711843603523

Чжан Сиюнь мен Ли Пэйлин «Балықтар сөйлейді» шығармасын аудиовизуалды көркем туынды деңгейіне көтеріп, опералық вокал мен заманауи орындау мәнерін үйлестіру арқылы көктемнің өміршең энергиясын айқын сезіндіреді.

https://m.weibo.cn/status/5275714565966873

Ал Цай Чэньюй мен Ла Даньчжу орындаған «Таулар мен өзендер картинасы» композициясы экспрессивтілігімен ерекшеленіп, музыкалық интерпретация арқылы туған жердің кең ауқымды көркем бейнесін қалыптастырады.

https://weibo.com/1402977920/QvM6s7MDa

«Жоба барысында сегіз халықаралық орындаушы мәдени-танымдық сапарлар мен музыкалық синтез арқылы жаңа тәжірибе жинақтайды. Мұражай кеңістігінен бастап шексіз табиғи ландшафттарға дейінгі аралықта, Каспий теңізі жағалауындағы күннің батуы мен индустриялық кеңістіктердегі дыбыстарға дейінгі әсерлер музыкалық тіл арқылы жаһандық аудиторияға ұсынылады.

https://huacheng.gz-cmc.com/pages/2026/03/05/0bc51f8553974036a9c83adc0ded2919.html?channel=weixin

Интернетте туристік «бум» басталды адамдар түсірілім орындарын көргісі келеді.

Қазақстандағы «міндетті түрде баруға тиіс» туристік нысандардың бірі болып саналатын Бозжыра шатқалы айналасындағы табиғи ландшафтардың 360 градус панорамалық көрінісімен ерекшеленіп, орындаушыларға бұрын-соңды болмаған визуалдық әсер қалдырды. Жергілікті тұрғындар «кеме» деп атайтын ақ жартас шөл даланың ортасында дара бой көтеріп, құрғап кеткен ежелгі теңіз түбінде қайырлаған алып көне кемені елестетеді. Тік құз-жартастардың арасында тұрған әншілер: «Осы табиғаттың жел ескен мүсінінің алдында тұрып, өмірдің шын мәнінде шексіз жазық дала, ал бізге қажет жалғыз нәрсе – еркін тыныстау екенін түсінесің».

https://www.hkcd.com.hk/content_app/2026-03/05/content_8743194.html

«Ақтау қаласына әрбір түсірген кадрым шедеврге айналатын сапарымды асыға күтемін. Бағдарламаны тамашалау барысында тоқтаусыз скриншот жасап отырдым. Мен ол жерде дәо солай түсірілім жасағым келеді. Үш жүз миллион жылдық тарихы бар Бозжыра каньоны өзін Жерден тыс, Ай бетінде тұрғандай сезім сыйлайды — бұл ғылыми-фантастикалық фильм беттерінен алынғандай әсерлі көрініс. Менің сүйікті орным – Ақтаудағы жағажай: мұнда аспан мен теңіз тұтасып, теңіз самалы бетке жұмсақ тиіп, толқындардың баяу үні ғана естіледі. Бұрын-соңды теңізді көрмесем де, оған деген сағыныш сезімін бастан кешірудемін».

https://vk.com/away.php?to=https%3A%2F%2Fwww.xiaohongshu.com%2Fdiscovery%2Fitem%2F69a986a500000000220223b8&utf=1

«Ақтау — Ұлы Жібек жолының маңызды тораптарының бірі ретінде теңіз бен шөлдің үйлесімді романтикалық симбиозын ұсынады. Қазақ тілінен аударғанда “Ақтау” атауы “ақ тау” деген мағынаны білдіреді. Бор дәуіріне тән жартас қабырғалары ерекше көкжиек сызығын айқындап, Каспий теңізінің көгілдір айдыны мен шексіз шөл кеңістігі өзара астасып жатыр. Бұл өңір тек Каспий жағалауындағы жарқын інжу ғана емес, сонымен қатар Еуразия кеңістігінде ашылған геология мен тарихтың өзіндік «оқулығы» іспеттес».

https://nginx-kaiping.ccwb.cn/kaiping/site1/mweb/ja9eh/c855926.html

Пайдаланушылар шоу бағдарламасын белсенді түрде ұсынуда

«Мен “Voice Beyond Horizon” жобасының осыншалықты терең әрі нәзік формада өтетінін күтпеген едім. Мұнда тек ән орындау ғана емес, тіл арқылы берілетін эмоция, тарих пен жылылықты терең түсіну мәселесі қозғалады. Көрермен ретінде мен бір мезгілде таңғалып та, әсерленіп те отырдым. Аудармашылар тобының кәсіби деңгейі шынымен де жоғары».

https://www.xiaohongshu.com/discovery/item/69a670f60000000022030910

«Музейдегі танымдық ойлардан, шөл мен шатқалдардың жабайы табиғатынан, сондай-ақ заманауи порттың әсерінен шабыт алған сегіз әнші осы шығарылымның басты сынағына кірісті. Алғаш рет жеке орындаудан бас тартып, олар жұппен сахнада “бірлескен сұлулықты” көрсетуі тиіс болды. Материал жинау кезеңі аяқталғаннан кейін төрт жаңа дуэт дайындық залында алғашқы бірлескен жұмысты бастады. Бұл тек дауыс қақтығысы емес, мәдениеттер мен стильдердің тоғысуы болды».

https://ycpai.ycwb.com/content/ikimvkhtkn/content_53993309.html?isShare=true

«“Voice Beyond Horizon” шоуы музыкалық ойын-сауық бағдарламалары туралы менің бұрынғы түсініктерімді түбегейлі өзгертті. Мұнда қатаң бәсекелестік те, жасанды сценарийлер де жоқ – тек музыка, табиғат көріністері және ұлттық шекаралардан асып түсетін нәзік рухани үндестік бар. Бағдарлама жарыс форматына құрылғанына қарамастан, әртүрлі елдер мен ұлт өкілдері арасындағы өзара құрмет, мойындау және достық сияқты ерекше әсер қалдырады. Бұл – шын мәнінде керемет жоба».

https://www.xiaohongshu.com/discovery/item/69b22e80000000002202f123

«Бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Конкурстық қойылымдар тартымды, ал экскурсиялық бөлімдер жаңашылдығымен, шынайылығымен және жылылығымен ерекшеленеді. Әншілердің табиғилығы мен еркіндігі көрерменге оларды жақынырақ танып, жақсы көруге мүмкіндік береді. Қазақстан туралы шығарылымды міндетті түрде тамашалауға кеңес беремін».

https://www.xiaohongshu.com/discovery/item/69aff92b000000001600afaf

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...