ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшадағы Қамқорлық үйінде қайырымдылық концертін өткізді

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшадағы Қамқорлық үйінде қайырымдылық концертін өткізді

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшадағы Қамқорлық үйінде қайырымдылық концертін өткізді

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшадағы Қамқорлық үйінде қайырымдылық концертін өткізді

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері DiVoices хорымен бірлесіп мәдени-қайырымдылық шара өткізді. 2026 жылғы 4 қаңтарда аталған хор мүшелері Польшаның Ольштын қаласындағы «Laurentius» қамқорлық үйінің тұрғындарына арналған қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

DiVoices — үш жыл бұрын құрылған, Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубы мүшелерінен тұратын төрт дауысты хор. Бұл ұжым қазақстандық өнерпаздың шығармашылығын насихаттау және оның туындыларын хор аранжировкасында орындау мақсатында құрылған.

Концерт аясында төрт дауысты өңдеуде поляктың бірнеше рождестволық әндері орындалды. Сонымен қатар Димаш Құдайбергеннің репертуарынан «Makhabbat», «Ұмытылмас күн» және «Daididau» атты үш түрлі қазақ әні төрт дауыста шырқалды. Концерттік бағдарлама соңында хор поляк эстрадасында кеңінен танымал екі шығарманы орындады.

«Laurentius» қамқорлық үйінің мүшелеріне арналған бұл концерт қатысушылар мен тыңдармандардың жүрегіне терең әсер еткен іс-шараға айналды. Қарт кісілермен өткен кездесу жанды музыкалық қарым-қатынастың, адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы мен өнерді бірлесе сезінудің маңызын айқындай түсті.

Музыка ұрпақтар арасындағы рухани диалогтың маңызды құралы ретінде танылды. Хор мүшелерінің айтуынша, концерт дәстүрлі сахналық өнердің шеңберінен шығып, өзара құрметке, ризашылық пен түсіністікке негізделген шынайы мәдени сұхбат.

Соңғы жаңалықтар

Бәйтерек жанындағы қойылымдар: Қазақстан астанасы Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon шоуын қарсы алды

Астана – болашақтың қаласы, әлемдегі ең жас астаналардың бірі. 2026 жылғы 9 сәуірде елорда Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon...

Қазақстанда өткен Димаш Құдайбергеннің жаңа сұхбаты

Freedom Inside форумы аясында Димаш Құдайберген Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиеваға сұхбат берді. Әңгіме басында алғашқы сұраққа жауап бере...

Димаш Кудайберген Freedom Inside форумына қатысты

2026 жылы 9 сәуірде Астанада алғаш рет Freedom Inside форумы өтті. Пікірталас алаңының жұмысына шақырылған амбассадор ретінде Қазақстанның Халық...

Бакир Тәжібаев: әндері халықтың үніне айналған ақын

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірі, 2026 жылғы Наурыз айы. Республика алаңында көпшілікке кеңінен танымал «Ақбұлақ» әні шырқалуда. Аталған туындыны...

Домбырашылар «Temirlan&Yernat» дуэті және Абильмансұр Құдайберген Түркістан, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өнер көрсетеді

Түркиядағы «Bridge TV need for fest», Израильдегі «Music World» және АҚШ-та өткен «World Championship» байқауларының жеңімпаздары, сондай-ақ әуендері Air...