ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі: екі мәдениеттің бірлігі және домбыра...

Димаш жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі: екі мәдениеттің бірлігі және домбыра күні

Dears Димаш жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі: екі мәдениеттің бірлігі және домбыра күні

Димаш жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі: екі мәдениеттің бірлігі және домбыра күні

13 шілдеде Мадридте қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Испанияның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Германия мен Швейцариядан да жанкүйерлер жиналды. Бұл Домбыра күніне орай испан мен қазақ мәдениетін біріктіретін маңызды іс-шара болды.

Мәртебелі қонақтардың қатарында Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің өкілдері, оның ішінде елші Данат Мұсаев, бірінші хатшы Қуаныш Әбпасов, Мәдениет және туризм басқармасының басшысы Райымбек Тоқтаубаев болды. Сондай-ақ, испандық жанкүйерлерге қазақ тілінен онлайн сабақ беріп жүрген профессор Санду Тоқтаубаева да қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.

Домбыра күнін атап өту үшін Қазақстан Елшілігі концерт ұйымдастырып, онда балалар дәстүрлі аспапта әр түрлі туындылар орындады. Алинұр мен Әлихан Амангелді мен Дәулет Исмаиловтар өнерлерін паш етіп, қазақ музыкасының рухын жеткізіп, көрермендерді өнерлерімен баурап алды.

Испаниядағы қазақ диаспорасының өкілі Гүлнара Гульча қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ауыз тигізіп және ұлттық киімдерімен таныстырды.

Шараға Димашқа арналған туындыларын ұсынған фан-арт суретшісі Хосе Бусон; Baqytty Bala 2023 жеңімпазы Люсия Касани; және La Voz Kids 2023 финалисті Жален Али сынды арнайы қонақтар да қатысты. Жас әншілер ән орындап, әдемі кешті жандандырды. Ал, кештің соңында орындалған нөмір көрермендерді ерекше қуанышқа бөледі.

Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі тек музыка мерекесі ғана емес, мәдениеттер бірлігінің символына айналды.

Соңғы жаңалықтар

MsMojo көзімен Димаш Құдайбергеннің «үздік-10» сахналық орындауы

MsMojo – мәдениет саласындағы рейтингтерге маманданған, сенімді ақпарат көзі саналатын жетекші онлайн-платформа. YouTube желісінде 5,73 миллион жазылушысы бар бұл...

«Жақсылық жасап жарысайықшы»: Димаштың қарағандылық жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ізгі дәстүрді жалғастыруда

2026 жаңа жыл қарсаңында Қарағанды қаласындағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубы ерекше қажеттіліктері бар, үй жағдайында әлеуметтік қызметтер алатын балаларды қолдауға...

Димаштың Мексикадағы фан-клубы ірі қайырымдылық бастамаға қайтадан қатысты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы фан-клубы төртінші жыл қатарынан Мексика мен Латын Америкасы елдеріндегі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшадағы Қамқорлық үйінде қайырымдылық концертін өткізді

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері DiVoices хорымен бірлесіп мәдени-қайырымдылық шара өткізді. 2026 жылғы 4 қаңтарда аталған хор мүшелері Польшаның Ольштын...

Altyn Bala: аналық қамқорлықтың Қазақстандағы алғашқы жөргек брендіне айналуы туралы

Қазақстандағы балалар жөргектері нарығы ұзақ жылдар бойы негізінен импорттық брендтер есебінен қалыптасты. Бұл өнімдер көбіне әмбебап сипатта ұсынылып, елдің...