ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

Dimash World Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао қаласында туризм, сауда, экономика және мәдениет салаларын біріктіретін халықаралық сыра фестивалі 34-ші рет өтуде. Бұл фестиваль Қытайдың дәл осы қаласында миллиондаған адамдардың қатысуымен 1991 жылдан бері өтеді. Qingdao International Beer фестивалі — Азиядағы ең үлкен ашық аспан астындағы фестиваль және әлемдегі төрттіктің бірі ретінде танымал.

Фестивальде тек қана әлемдік бренд өнімдерінің тұсаукесері ғана емес, сонымен қатар әртүрлі форумдар, дөңгелек үстелдер, цифрлық технологиялар саласындағы көрсетілімдер, өнер көрмелері, қытай және әлем тағамдарының жәрмеңкелері, fashion іс-шаралар, спорттық жарыстар, туристік флешмобтар мен театрландырылған спектакльдер көрсетіледі.

Биылғы іс-шараның негізгі тұжырымдамасы — «Сыра фестивалі + музыка фестивалі» аясында Қытай және басқа да елдердің ең танымал жұлдыздары қатысқан үлкен мереке сияқты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қытай стилі мен халықаралық элементтердің үйлесуі Қытайдың сыртқы әлемге ашылуын көрсетеді.

Фестивальде Димаш Құдайберген жеті жыл бұрын «I am a Singer» жобасында қазақстандық әншіге Қытай халқының назарын аударған «SOS d’un terrien en distresse» композициясын орындады.

Сондай-ақ, Димаш «Ұмытылмас күн» атты алғашқы әндерінің орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Ал 2023 жылы желтоқсанда Гонконгтағы әртістің жеке концертінде алғаш рет орындалған автордың «When I’ve got you» атты туындысы тыңдаушыларды бірден баурап алды.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...