ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың «Love’s Not Over Yet» атты жаңа әні жасампаздар...

Димаштың «Love’s Not Over Yet» атты жаңа әні жасампаздар көзімен

Dimash World Димаштың «Love’s Not Over Yet» атты жаңа әні жасампаздар көзімен

Димаштың «Love’s Not Over Yet» атты жаңа әні жасампаздар көзімен

2025 жылы 30 қаңтарда өзінің фандомының туған күнінде Димаш көптен күткен «Love’s Not Over Yet» әнінің премьерасы 7 наурызда болатынын хабарлады.

Шығарылым қарсаңында DimashNews редакциясы әннің авторлары американдық продюсер әрі композитор, Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьевпен,француз композиторы Флавьен Компаньонмен, сондай-ақ өңдеуші әрі композитор Дмитро Гордонмен сұхбат құрды.

«Love’s Not Over Yet» әнінің тарихы 2017 жылы әннің авторлары француздық Флавьен Компаньон мен Доминик Борс бұл әнді Димашқа арнайы жазған кезден басталды. Жанкүйерлер бұл әнмен алғаш рет Қытайдағы репетицияда сүйікті әртістерінің орындауында танысқан болатын.

Флавьен Компаньон бізше Димашпен қалай танысқаны және барлығының қалай басталғаны туралы айтып берді:

«2017 жылы Facebook желісінде Димаштың өнерімен алғаш танысқан сәтте, Димаштың тыңдармандарынан бізді таныстыруын сұрап хабарлама қалдырған болатынмын.  Мен онымен бірге жұмыс істегім келді. Сөйтіп досым Андрей Иванов мені Димаштың менеджерімен таныстырды. Осылайша біз алғаш рет Патрик Себастьян шоуында кездестік.  Мен оны кездестіргеніме дәл Димашты кездестіргендей  қуандым. Өйткені ол да мен сияқты Лара Фабиан мен Селин Дионның жанкүйері болатын. Сөйтіп ол менімен жұмыс істеуге қызығушылық танытты.

Содан кейін мен досым әрі іскер серіктесім Доминик Бурсаға Димаш туралы айтып беріп, оған  Димашқа арнап «S.O.S. D’un Terrien En Detresse» сияқты кең дауыс диапазонын көрсететін ән жазуды ұсындым. Доминик екеуміз фортепианоға отырып, басқа адам айта алмайтын (күлді), тек Димаштың ғана шамасы келетін ән жолдарын жазуды бастап кеттік.

Кейінірек, Мен Димашпен ұзақ уақыт байланыста болғаннан кейін, мен оны жыл сайын Ева Лонгорияның «Global Gift» қорына іс-шаралар ұйымдастыратын ең жақын досым Тьерри Мартинмен таныстырдым. Лара Фабианмен бірге жұмыс істейтін Тьерри Димаштың дауысына таң қалды. Ол оны Ева Лонгориямен таныстырды. Париждегі «Global Gift» — те Димаш «All By Myself» әнін орындап, бүкіл аудитория тік тұрып қол шапалақтаған болатын.  Димаштың жанды дауыста ән айтқанын есту мен үшін керемет сезім болды».

***

Шығарманың Демо-нұсқасы сол 2017 жылы продюсерлік ету үшін Уолтер Афанасьевке берілді. Жылдар өтті, көп нәрсе өзгерді, әрине, Димаш та. Біз авторларға әннің соңғы нұсқасында бірінші нұсқасынан қарағанда енгізілген өзгешеліктер бола ма екен,- деген сауал қойдық.

«Флавьен мен Доминик маған 2017 жылдан бері көп нәрсе: дыбыс, аранжировка, үйлесімділік өзгерді. Ән бастапқыда мүлдем басқа күйде болатын. Соңында Девон Грейвс әннің мәтінін жазды. Осылайша ән бүгінгі күндегі халіне келді, — деп жауап берді Афанасьев мырза».

«Әнде жылдар бойына эволюция болды. Маэстро Уолтер Афанасьев хорға өзгерістер енгізгісі келді. Ол сондай – ақ, мәдениет арасында керемет көпір жасады», — деп ой қосты Компаньон мырза.

***

Үш жылдан кейін сол бір қиын 2020 жылы Парижде «Seine Musicale» залында шығарманың оркестрлік партиясы жазылды.

Жаңа композиция жанры туралы сұраққа маэстро Уолтер Афанасьев әнді поп-классика жанрына жатқызатындығын айтып өтті.

Авторлар әннің оркестрлік партиясында қалай жұмыс істегендіктері туралы айтып берді.

Уолтер Афанасьев:

«Мен нақты жазбаға кіріспес бұрын әрқашан оркестрдің демо-версиясын жасап аламын. Яғни, менде алдымен оны қалай еститінім туралы демо болады. Осыдан кейін менің аранжировщигім Дмитро Гордон оркестрмен бірге менің идеяларымның аясында портитураны жазады.

Бізде пандемия болғандықтан, жазбаны жанды түрде ұйымдастыруға көп мүмкіндік болмады. Бірақ, қуанышқа орай Флавьен мен Доминик Париж операсымен жазбаны сол жерде жазуға келісті. Біз мұны Zoom арқылы мен Лос-Анджелесте, олар Парижде отырып, жазған болатынбыз. Нәтижесі мені ерекше қуантты.

Флавьен Компаньон:

«Уолтер оркестрдің керемет аранжировкаларын жасады! Бұл COVID-19 пандемиясына байланысты қиын жұмыс болды. Барлық музыканттар маскада ән шырқауы бәріміз үшін таңғажайып миссия болды.

Уолтер жазбаны қашықтан онлайн бақылап отырды. Франциядағы оркестрлік музыканың өте танымал композиторы Брис Даволи дирижерлық етті. Доминик екеуміз осы оркестрлік жазбалардың ұйымдастыру жұмыстарын атқарғанымызға өте қуаныштымыз. Себебі, жадымызда мәңгі сақталатын осы бір сиқырлы сәт бізге қатты әсер етті».

Дмитро Гордон:

«Мен бұл әнмен 2017 жылы Лос-Анджелесте Уолтермен бірге жұмыс істеп жүрген кезден таныспын. Бірде ол бізге ешкімде жоқ ерекше дауысы бар қазақстандық керемет әнші Димаш Құдайберген келе жатқандығы туралы айтты. Ол сол арада бізге  «S.O.S. D’un Terrien En Detresse»-ты тыңдатып еді, біз таңданғаннан не дерімізді біле алмай қалдық. Содан кейін Димаш келіп, олар Уолтермен бірге жаңа әннің үзіндісін ойнай жөнелді.

2020 жылы Уолтер аранжировкада жұмыс істеген кезде мен дыбыс инженерінің техникалық жағынан көбірек жұмыс жасадым. Оркестрге арналған бөліктер тағайындалды. Менің міндетім оларды жанды оркестрге бейімдеп, авторға қажетті деңгейде жасап шығару болды».

Жаңа әннің сөзінің авторы Девон Грейвс енді бірден дайын музыкаға мәтінін жазды. Мәтін бойынша жұмыстар қалай өткендігі туралы Флавьен Компаньон:

«Жеті жыл бұрын, Димаш ЮНЕСКО-дағы іс-шараға қатысуға келгенде, менің бұл әнге Димаштың дауысымен демо нұсқасын жазу үшін студияға тапсырыс беруге мүмкіндігім болды. Әттең, бірақ қолымда мәтіні болмады. Сондықтан түннің бір уағында мен досым автор Девон Грейвске қоңырау шалдым. Девон – американдық, көптеген әншілерге ән жазып берген. Мен Девоннан әннің мәтінін жазып беруін сұранғанымда, ол бірден келісті.

Келесі күні-ақ, Димаш әннің демосын жазады. Біз әйгілі тенор Винсан Никло сияқты тағы басқа көптеген атақты әншілермен жұмыс істейтін досым Флорент Бидойеннің студиясында болдық. Флорант маған студиясын босатып берді. Әрине, мен оған бір күн бұрын қоңырау шалып ескертіп қойған болатынмын. Бұл біз үшін нағыз төтенше жағдай болды. Мен оларға қолдау көрсеткені үшін тағы да алғыс айтқым келеді, өйткені оларсыз бұл ән бүгінгі күйге жетпес еді. Бірнеше жылдан кейін Уолтер Девоннан мәтінге кейбір өзгерістер енгізуді сұрады».

***

Өзі орындайтын әрбір әнге музыкалық продюсердің көзқарасын білгісі келетін Димаштың осы бір қасиетін ескере отырып, біз Уолтер Афанасьевтен Димаштың шығармашылық іссапарға Лос-Анджелесте келген кезінде әннің қалай жазылғанын сұрадық.

«Димашпен жұмыс істеу өте оңай болды. Ол әнді қалай орындау керектігін жақсы біледі. Ол перфекционист. Ол мен ұсынған әнді керемет жеткізді. Жұмыс өз деңгейінде орындап шықты. Әрине, қиындықтар да болды. Өйткені ағылшын тілі оның негізгі тілі емес.

Бұл әнде сөздерді дұрыс айту өте маңызды болды. Сондықтан біз дәл осы жағынан көп жұмыс жасадық.

Біз ең керемет, бірақ орындалуы өте қиын әндердің бірін жаздық. Димаш – шынын айтқанда, «Love’s Not Over Yet» әнін орындай алатын жалғыз әнші. Ол әнді керемет орындап шықты.  Браво, Димаш – сен мықтысың!»,- деп бөлісті композитор.

Димаштың вокалын жазуға Дмитро Гордон студияда қатысқан болатын. Сол кезде музыканттар Лос-Анджелесте Димаштың авторлық шығармаларында бірге жұмыс істеді, бүгінде олардың кейбіреулері өз тыңдармандарын тауып үлгерді.

«Мен бала кезімде классикалық кроссоверді қатты жақсы көретінмін, сондықтан «Love’s Not Over Yet» – менің жүрегіме жақын ән. Мен қазір композитор және продюсер ретінде әртүрлі стильдерге бейімделдім. Димаштың маған өзінің үш әніне продюсерлік етуді сеніп тапсырғаны мен үшін үлкен бақыт. «When I’ve Got You», «Smoke», «Fire»– олар әртүрлі, эксперименталды және оның қалған репертуарына ұқсамайтын әндер.

Димаш маған оның кез-келген көрінісінде қызықты тұлға. Менің ойымша, ол стиль, жанр, бағыт яғни музыкадағы барлық жақсыны біріктіріп, үйлестіреді».

Сұхбаттың соңында, біз Флавьен Компаньоннан 2017 жылы Димашпен кездескеннен бастап Париждегі музыканттардың соңғы кездесуіне дейінгі кезеңде қандай да бір  өзгерістер бар ма деп сұрадық. Қанша дегенмен сегіз жыл өтті ғой…

«Мен үшін Димаш сол баяғыдай менің бауырым. Ол мені осылай атайды. Біз екі ағалы-ініліміз. Мен әрқашан бұл талантты музыкантқа көмектесуге тырыстым. Біздің осы әнімізді жанды дауыста дәл Димаштың орындауын мен ұзақ жылдар бойына асыға күттім. Осыдан кейін де біз қайтадан бірге жұмыс істеп, жаңа әндер жазатынымыз деп үміттенемін», — деп композитор қуанышты хабарымен бөлісті.

***

2025 жыл… Жарыққа шықпай тұрып өз жанкүйерлерін жинап үлгерген «Love’s Not Over Yet», қиын жолдан өтіп, көрермендеріне жол тартуға дайындалып жатыр. Кинематографиялық шығармаға сұранып тұрған бұл туындыға біз музыкалық фильм түсірдік.

7 наурызда барлық музыкалық платформаларда «Love’s Not Over Yet» композициясы жарыққа шығады, ал Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасында жаңа клиптің премьерасы өтеді.

LOVE’S NOT OVER YET PRE-SAVE

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін ‘STRANGER’ жеке концерті

"ДимашАли" шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа концертін жариялайды. 2025 жылы 12 қарашада Лондондағы OVO ARENA WEMBLEY-де «STRANGER» шоуы өтеді. Димаш өзінің...

Шекарасы жоқ музыка әлемі: Димаш Құдайбергеннің әндері Чилиде шырқалды

Чилидің Винья-дель-Мар қаласында халықаралық ән фестивалі қарсаңында Dears Dimash Chile Diffusion командасы ұйымдастырған ерекше көше акциясы өтті. Қазақстандық әртіс...

Димаштың «Love’s not over yet» әніне арналған жаңа бейнебаяны қалай түсірілді. Режиссерлік топпен сұхбат

7 наурызда Димаш Құдайбергеннің жаңа әнінің тұсаукесері өтті. «Love' s not over yet» трегі музыкалық платформаларда пайда болса, ал...

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын...

Димаш Құдайбергеннің «Love’ s not over Yet» атты жаңа әнін әлемнің түрлі елдері асыға күтуде

Димаш Құдайберген өз жанкүйерлеріне үлкен мерекелерге арналған сыйлықтарын бірінші рет ұсынып отырған жоқ. Биыл 8 наурызда әнші жанкүйерлеріне махаббат...