Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр.
![]()
Осы кезең ішінде композиция тек бір рет қана көшбасшылықты уақытша жоғалтып, бір аптаға екінші орынға түсіп қалып, кейін қайта рейтингтің жоғарғы сатысына оралған. Чарттың шыңында ұзақ уақыт бойы тұрақтауы сәтті туынды болуынан ғана емес, сонымен қатар польша тыңдармандары тарапынан көрсетілген айрықша қолдауды да айғақтайды.
Хит-парад архивіндегі «1. Bez zmian. 52 tydzień na liście» деген атау «1. Өзгеріссіз. Тізімдегі 52-апта» деп аударылады. Бұл композицияның рейтингтің ең жоғары сатысында рекордтық мерзім бойы тұрғанын дәлелдейді.