Димаштың туған күніне «Dimash Official FC» (DOFC) фан-клубы «Ішкі Моңғолиядағы Алашань және Тэнгэр шөлінде миллиондық орман» жобасын ұйымдастырды.
Қытайдағы Dears не егу керегі жөнінде ұзақ шешім қабылдады. Ойлана келе, таңдау бір данасы 10 юань болатын «гүл таяқшаларына» түсті. «China Green Foundation Donation Channel» ұйымдастырған шараға Димаштың Қытайдағы фанаттары бір кісідей атсалысты. Тек сәуір айында ғана олар 2780 ағаш отырғызды.
«Селвидж» операцияы аясында шөлейт жердің аумағы ұлғайып кетпес үшін гүлдер мен бұталарды отырғызылды.
Dears отырғызған «Гүл таяқшалары» аптап ыстық пен қатты желге шыдамды, тамыры тереңге жайылады. Гүлдеу үшін біраз уақыт кетеді, сондай-ақ осы өсімдіктен бал алынады. Дәні құстарға таптырмас жем ретінде пайдаланылады, ал қабығын целлюлоза ретінде және ағаш-талшықты плита өндірісінде қолданады. Мұндай плита жоғары сапалы және жел өткізбейтін қасиетке ие.
Қолдан егілген жасанды орман құстар мен жануарлардың еркін өмір сүруіне мүмкіндік жасайды, шөл даладағы экологиялық орта жақсара түеді, алқаптың шөлге айналмауына аз да болса септігін тигізеді.
– Бұл Димаштың туған күніне арнайы сыйлығымыз. Димаштың Қытайдағы фанаттары қоғам игілігі үшін еңбектенеді. Бізге Димаштың мейірімділігі күш береді. Тарту еткен шағын жасыл «жүрегіміз» Жерімізді аз да болса жақсартады деп үміттенеміз», – дейді DOFC.
Ішкі Моңғолияның Алашань шөлі мен Тэнгэр шөлінің шығыс алқабындағы «Гүл таяқшалары» (координаттары 478848, 4215170) Димаш пен фанаттарына тиесілі!