Басты бет Dimash World Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие...

Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие болды

25 наурызда Димаш Құдайбергеннің шығармасы Чили мен Эквадордың радио-парадтарында 1-ші орынды иеленді. Чилидегі Radio Hoy радиостанциясында «When I’ve got you» 13 мыңнан астам дауыс жинады.

Осыдан тура бір ай бұрын Димаштың «When I’ve got you» әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсауы кесілді. Осы уақыт ішінде бұл туынды әлемнің көптеген радиостанцияларында шырқалды.

Осылайша, 22 наурызда Филиппиннің Паланко қаласындағы KISS FM радиосында қазақстандық әншінің туындысы алғаш рет ұсынылды. Бұл күні Димаштың «When I’ve got you» және «Stranger» атты екі әні орындалды. Қазір Филиппиндік Dears бір сағаты қазақстандық әртіске арналатын алдағы музыкалық радиошоуға дайындалуда.

Жақында Димаш Эль-Сальвадордағы жергілікті Radio Fuego 107.7 fm радиосындағы «Mundo Asia» бағдарламасының басты кейіпкері болды. Радио жүргізушілер Николь Сато мен Келли Димашты әсерлі дауыс диапазон мен ерекше жанды орындауға ие музыкант ретінде таныстырды. Олар оның музыкасын тым әсерлі және ерекше эмоциаларға толы деп сипаттап, оның әндеріндегі жанрлардың алуан түрлілігін және әртүрлі тілдердің қолданылуын атап өтті.

Радиобағдарлама аясында ‘S.O.S.’, ‘When I’ve Got You’, ‘Golden’, ‘Ave Maria’, ‘Give Me Your Love’ сынды әндер орындалып, тыңдармандарды еркше әсерге бөледі. Николь Сато радиостанция Димаштың музыкасына қолдау көрсетуді және өз хабарларында қазақ мәдениетін насихаттауды жалғастыратынын атап өтті.