ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың жанкүйерлері Прагада Наурыз мейрамына қатысты

Димаштың жанкүйерлері Прагада Наурыз мейрамына қатысты

Dimash World Димаштың жанкүйерлері Прагада Наурыз мейрамына қатысты

Димаштың жанкүйерлері Прагада Наурыз мейрамына қатысты

2025 жылдың 12 сәуірінде Прагада қазақ халқының көктем, жаңару мен бірліктің символы болып саналатын басты мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамын салтанатты түрде тойлады. Шараны Qazaq Nomad мәдени бірлестігі Прага-4 ауданы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Фестиваль халықаралық мәдени алмасу алаңына айналды. Шараға Қазақстан, Катар, Чехия, Германия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдерінің өкілдері қатысты. Қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тиіп, халықтық қолөнер мен дәстүрлі киімдермен танысып, жанды қазақ әуенін тыңдап, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Фестивальға Димаш Құдайберген өнерінің чех жанкүйерлері Czech Dears-тың қатысуы ерекше назар аударатын жағдай болды. Олар арнайы естелік ретінде суретке түсу үшін сүйікті әншілерінің баннерімен фотоаймақ дайындады. Шараның музыкалық бөлігінде мерекенің халықаралық сипатын аша түскен Димаштың әндері де орындалды.

Ұйымдастырушы Дарина Жұмағұл барлық қонақтарға фетивальге қатысқандары үшін алғысын білдіріп, халықтар достығының нығаюына мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар бұл фестивальдың дәстүр ретінде жалғасын тауып, келесі жылы да өтетініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...

Virtuosos жобасының жас музыканттары Димаштың «Өмір» әнінің аспаптық нұсқасын жазды

Димаш Құдайберген екі жыл қатарынан қазылар алқасының мүшесі болған «Virtuosos» жас музыканттар байқауының көрнекті қатысушыларының камералық оркестрі Димаштың «Өмір»...

Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсетті

21 маусымда Қытайда 27th Shanghai International Film Festival (27-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің) жабылу салтанаты өтті. https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=-jNQcsFYk9Y&fbclid=PAQ0xDSwLGHNxleHRuA2FlbQIxMAABp3TvfUOSPoqFJvZEz-WNKpD8-pm5KWjblslkTOyytTJzKrKCA9z10E1as0-E_aem_TIaXtkG49OXCDZHcpOSf2w Шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш...