ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

Dimash World Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

2025 жылдың 25 сәуірінде Virtuosos жобасының 10-шы мерейтойлық маусымының басты шығарылымы көрсетілді. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екінші рет жас музыканттар байқауының қазылар алқасының мүшесі болды.

Жобаның мәнін айқын көрсететін атаулы сәт – әлемге танымал музыканттардың өнерге ұмтылып келе жатқан өнерпаздардың кәсіби дамуына ықпал етуі болды.

Virtuosos Charity Concert event for the WAH Foundation қайырымдылық концерті 2024 жылдың 21 қазанында Сингапурде өтті. Star орындаушыларының орталық сахнасында Петер Пейчик басқаратын Orchestra of the Music Makers Сингапур симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен әлемге әйгілі композиторлардың музыкасы орындалды.

Жас әртістер Тео Гертлер, Шома Балаж-Пири , 2harps (Валерий и Эвелин Гребло), Дальма Немет, Али Лугоши және Одиссей Финкенберг үлкен сахнада абыроймен өнер көрсетіп, атақты композиторлар – И.Брамса, И.С.Баха, Ф.Листа, Х.Циммера және басқалардың классикалық шығармаларын орындады.

Жобаның қазылар алқасының мүшелері Пласидо Доминго, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген өз репертуарларынан ерекше туындыларын ұсынды.

Осылайша, көрермендер Дальма Немет, Валерия және Эвелин Гребло, Ильдико Медьимореч және Димаш Құдайбергеннің орындауында Майкл Джексонның «Heal the World» әнін тыңдады.

Степан Хаузермен дуэтте Димаш «Sos d’un terrien en détress» әнін ооындады.

Димаш «Queen» тобының репертуарындағы «The Show Must Go On» әнін орындап, әлемге әйгілі композицияның өз нұсқасын ұсынып, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Қытай тіліндегі «Autumn Strong» әні көп жылдар бойы Димаштың жеке концерттерінің тұрақты бөлігіне айналды.

Virtuosos жобасының 10-шы мерейтойлық маусымы жұма күндері венгриялық DunaTV арнасы мен YouTube @Virtuosos_Talent_Show арнасында көрсетіледі. Көрсетілімді тамашалар, рухани ләззат алыңыздар!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерті Латвиядағы ең үлкен концерттік алаңда өтеді

12 желтоқсанда Димаш Құдайберген Латвияның Xiaomi Arena атты ең танымал аренасында өзінің «Stranger» шоуын қояды. Сондай-ақ аренада хоккей матчтары, баскетбол...

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты

2025 жылғы 9 желтоқсанда Димаш Құдайберген «Stranger» жеке концерті өтетін Рига қаласына келді. Димаштың жанкүйерлері әдеттегідей әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен...

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды

8 желтоқсанда Женевада өткен жыл сайынғы сессия барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық...

«Алматыкітап» Димаш Құдайберген туралы «Шексіз музыка» атты басылымды жарыққа шығарды

«Алматыкітап баспасы» DimashAli продюсерлік орталығының қолдауымен қазақстандық орындаушының шығармашылық жолына арналған жаңа бірегей басылым – «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка»...

Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

2025 жылдың 4 желтоқсанында америкалық музыка марапаттардың бірі — «Grammy» сыйлығының ресми сайтын мен YouTube арнасында Димаш Құдайбергеннің өз...