ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Фанаттардың хикаялары. Ауруханада жатса да, Димаштың концертіне келген

Фанаттардың хикаялары. Ауруханада жатса да, Димаштың концертіне келген

Бедра Смит қатерлі ісік дертімен ауруханада жатса да Нью-Йоркте өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне келген. Америкалық фан-клуб ұйымдастырған салтанатты басқосуда dimashnews.com тілшісі онымен сөйлесіп, жағдайын сұрады.

www.dimashnews.com

«Мен Димаш туралы бір жыл бұрын кездейсоқ білдім. Өзім музыканы қатты жақсы көремін. Ол француз тілінде SOS әнін шырқады. Ән мен оның ерекше орындауы маған айрықша әсер етті», – дейді ол. Димаштың Америкаға концерт қоюға келе жатқанын білген Бедраның қызы мен басқа туыстары оған кеш билетін сыйлық ретінде сатып алып берген. «Маған үш апта бұрын қатерлі ісік диагнозы қойылған, қазіргі кезде ауруханада жатыр едім. Дәрігерлер мен медбикелер менің мұнда келуіме ықпал етіп, концертті тамашалауыма жағдай жасады. Қазір жағдайым жақсы, химиялық емдеуден өттім, қатерлі ісігім емделетініне сенімдімін. Маған тек отыру керек. Өйткені, өте әлсізбін. Дәрігерлер мені әлі концертке келе алмайды деп ойлаған, бірақ бар күшімді жинап келдім. Мені осында қайын інім мен немерем алып келді. Көру үшін және ары-бері жүру үшін қиналатын шығармын деп ойлағанмын, бірақ олар маған жақсы орын тауып берді. Енді бәрі жақсы болады, Димаштың музыкасы мені шабыттандырады және бұған дәрігерлер де сеніммен қарайды», – деді Бедра Смит.

www.dimashnews.com

Айта кетейік, ертең Нью-Йорктегі 19 мың көрерменге арналған Barclays Center-де Димаштың концерті өтеді. Ол «Arnau tour ENVOY» аясындағы сапарының жаңа бағдарламасымен өнер көрсетеді деп күтілуде. Әншінің өзі бұрын айтқандай, концерттік бағдарлама көрермендерге қазақтың төл өнерін қазіргі заманғы интерпретациямен таныстырады. Димаштың барлық қойылымдарынан ұлттық нақыштар байқалып тұрады. Осыдан жанкүйерлердің әншіні бүкіл әлемге қазақ мәдениеті мен музыкасының хабаршысы деп бекер атамайтынын ұғамыз.

www.dimashnews.com

Нью-Йорктегі шоудың негізгі тақырыбы – «Космос және Әлемнің шексіздігі». Әрине, бұл шараның әзірге айтылмайтын ақпараттары да бар, олар құпия түрде сақталады. Бағдарламада Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтанда өткен жазғы концерттің де ең жақсы сәттері қамтылған. Сонымен қатар осы бағдарлама үшін арнайы жасалған жаңа туындылар да бар. Димаш әндерді қазақ, ағылшын, орыс, француз, итальян және қытай тілдерінде шырқайды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш және Еуразиялық фан-клуб Dear-лары туралы сайт

Димаштың шығармашылығымен алғаш танысқан dear-лар бірнеше ай бойы ол туралы ақпаратты іздеуге кірісіп кететінін айтады. Іздеу жүйесіне "Димаш" деп...

«Сенің дарының менің жан дүниемді тебірентті»

Димаш Құдайберген балалар Евроведениесінің алдында Қарақат Башановамен кездесті. Бұған дейін біз балалар евровидениесі – 2020 байқауында Қазақстанның атынан Қарақат Башанованың...

Қарақат Башанова: «Ән арқылы әкемнің есімін тарихта қалдырғым келеді»

Осы жексенбіде Junior Eurovision халықаралық ән байқауы өтеді. Қазақстан атынан сүйкімді Қарақат Башанова қатысады. Жас өнерпаз DimashNews редакциясына байқауға...

Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиссасын» орыс халық аспаптары ансамблі орындады

"Березка" хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі "Әлқисса" күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады. "Әлқисса" қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің аты...

Оқи отырыңыз
Сізге ұсынылған