ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьефф Түркістанға келді

Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьефф Түркістанға келді

Dimash World Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьефф Түркістанға келді

Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьефф Түркістанға келді

Әйгілі америкалық композитор әрі продюсер, екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері Уолтер Афанасьефф Қазақстанға алғаш рет келіп, Түркістан қаласында Димаш Құдайберген мен Hunan Broadcasting System халықаралық жобасына қатысты. Сан ғасырлық тарихы бар Қазақстанның рухани астанасы – «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық шоуын түсіретін алғашқы орын болды.

Түсірілімдер әр облыстардағы туристік және тарихи орындарда өтті. Музыкалық жобаға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен өнерпаздар жиналды.

Байқауға қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды. Қазылар алқасының бірі «Титаник» фильміне саундтрек ретінде көрсетілген «My Heart Will Go On» хитінің продюсері Уолтер Афанасьефф болды.

«Қазақстанға алғаш рет келуім. Мен бұл туралы көптен армандаған едім. Дәл осы елде өмір сүргім келер еді. Адамдары, тағамдары, климаты, табиғаты – мұның бәрі мені таң қалдырып, жанымды тебірентті. Шынымды айтсам, мен болған ең сүйікті қалалардың біріне айналды», – деді Уолтер Афанасьефф.

Түсірілім барысында музыканттар Түркістан облысының табиғи және мәдени символдарын аралады. Олардың қатарында Әзірет-Сұлтан кешені, Отырар қалашығы, Karavansaray туристік кешені, этноауыл, Сайрам-Өгем ұлттық саябағы бар.

Музыкалық жобаға қатысушылардың шығармашылық жолы еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады. Түсірілім жұмыстары Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Шоудың соңғы кезеңі Қазақстанның астанасында жоспарланған.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жобаны Mango TV эфирлік және цифрлық платформасы арқылы күнделікті аудиториясы 210 миллионнан астам көрерменді құрайтын Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Осындай жобаның арқасында дүние жүзіндегі миллиондаған көрермен Қазақстанның туристік әлеуетін көреді.

Жобаға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және облыс әкімдіктері ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...