ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері балалар онкологиясын зерттеу ісіне 4000 еуро...

Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері балалар онкологиясын зерттеу ісіне 4000 еуро аударды

Dears Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері балалар онкологиясын зерттеу ісіне 4000 еуро аударды

Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері балалар онкологиясын зерттеу ісіне 4000 еуро аударды

4 қараша күні Испаниядағы Димаштың фан-клубы қазақстандық әншіге деген құрмет белгісі ретінде игі іс жасады. Олар Димаш Құдайбергеннің атынан Sant Joan de Déu Foundation қорына 4000 еуро көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Аталған қор балалар онкологиясын зерттеу және ауыр дертке шалдыққан кішкентай науқастар мен олардың отбасыларын қолдау бағдарламаларымен айналысады.

Қаражат балалар лейкозын (аққан ауруын) зерттеу жобаларына жұмсалмақ. Қор өкілдері бұл қайырымдылықтың медициналық зерттеулердің дамуына және ем қабылдап жатқан балаларға көмек көрсетуге зор үлес қосатынын атап өтті.

Бұл бастама сәуір айында, Димаштың Испанияға келетіні белгілі болған сәтте пайда болған. Жанкүйерлері Димашқа ең жақсы сыйлық ретінде – әншінің адамгершілік, қамқорлық және мұқтаж жандарға көмек көрсету сынды өмірлік ұстанымдарын бейнелейтін ізгі іс деп шешкен.

Бірнеше ай бойы Dimash Qudaibergen Official Fan Club Spain мүшелері, La Gran Voz Kazaja қауымдастығы және серіктестер жобаны ұйымдастыру бағытында бірлесе жұмыс атқарды. Олар Димаштың өзі үлгі еткен мейірім, бірлік және жанашырлық қағидаттарынан шабыт алғандарын айтты.

Фан-клуб өкілдері қайырымдылық қаражатын табыстағаннан кейін: «Бүгін біз Димаштың үлгі-өнегесі арқылы балаларға қуаныш пен үміт сыйладық», – деп өз ойларын осылайша түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

Нью-Йорк қаласында, нақтырақ айтқанда Таймс-сквер алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Аталған мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, дипломаттарды, студенттер...

Димаштың орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні бір жыл бойы Польша чартында көшбасшылық орнын сақтап келеді

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр. Осы кезең...

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...