ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears "Керемет жылы атмосфера": Dears Димашты Минск әуежайында қарсы алды

«Керемет жылы атмосфера»: Dears Димашты Минск әуежайында қарсы алды

Dears "Керемет жылы атмосфера": Dears Димашты Минск әуежайында қарсы алды

«Керемет жылы атмосфера»: Dears Димашты Минск әуежайында қарсы алды

14 шілдеде Димаш Құдайберген Беларуське ұшып келді, онда жақында көптен күткен «Славян базары» өнер фестивалі өтеді. Әртіс жанкүйерлермен болған көптен күткен кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Кездесу кезінде атмосфера өте жылы және жарқын болды: Димаштың да, оның шығармашылығының да жанкүйерлері коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты бір-бірін өте сағынғандарын көруге болады.

«Минск» ұлттық әуежайында Димашты Беларусь жанкүйерлері қарсы алды, олар оны 2015 жылдан бері қолдап келеді, сол кезде әртіс «Славян базарында» Гран-при жеңіп алған болатын, бұл оның шығармашылық мансабында үлкен рөл атқарды.

Белорусьтардан басқа, Димашты Қазақстан, Ресей, Болгария және Швеция Dears-і қарсы алды.

«Бұл таңқаларлық кездесу болды. Димаш Беларусь туралы жылы лебізін білдіріп, бұл – оның шығармашылық отаны екенін айтатын. Біз сүйікті әртісімізді осында қайта қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз», – деп бөлісті DimashDearsBelarus фан-клубының қатысушылары.

Әншінің өзі де Dears-пен болған көптен күткен кездесудегі қуанышын жасырмайды:

«Мен Беларуське қайта оралғаныма өте қуаныштымын! Қазір Dears-пен кездесулер өте сирек болғандықтан, олардың әрқайсысы қазына сияқты. Түнгі рейске қарамастан, Dears-ті көргеннен кейін мен қайтадан қуаттандым. Қазір фестивальдің басталуын асыға күтудемін. Барлығы жақсы әсер алады деп және бұл «Славян базары» әркімнің жүрегінде ұзақ уақыт қалады деген үміттемін!»

Жанкүйерлердің әншіге берген мүсіншесі жағымды тосынсый болды. Әр түрлі жағында «Dimash», «Dears» және «We’re one» сөздері жазылған.

Ертең, 15 шілде күні Витебскіде Димаштың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді, ал сол күні сағат 20:30-да «Витебскідегі Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылуы басталады.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...