Латын Америкасының жеті елінен – Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан – Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces del Amor» жобасы аясында Қазақстан мәдениетіндегі ең маңызды туындылардың бірі саналатын қазақтың халық әні «Дайдидауды» бейнежазбаға орындау мақсатында бірікті.
Жанкүйерлер өз әсерлерімен бөлісті:
«Біз Қазақстан халқына деген құрметімізді білдіріп, “Дайдидау” атты керемет халық әнін орындағымыз келеді. Димаштың дауысы бізді тек таңғалдырмай, жүрегімізді тебірентеді, сонымен қатар оның отанын, мәдениетін және бай фольклорын сүюге жетелейді. Біз онымен бір уақытта өмір сүріп, оның өнерінен ләззат алып жүргенімізге ризамыз».
Dears бұл әнді қазақ тілінде орындап, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрметтерін көрсетті.