ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» музыкалық бейнебаянының көрсетілімі өтті

Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» музыкалық бейнебаянының көрсетілімі өтті

Dears Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» музыкалық бейнебаянының көрсетілімі өтті

Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» музыкалық бейнебаянының көрсетілімі өтті

7 наурызда Лондонда Crystal Palace International Film Festival аясында «Бір аспан тарихы» бейнебаянының көрсетілімі өтті. West Norwood Picturehouse залында өнер жанашырлары жиналды, олардың арасында Димаштың жанкүйерлері де болды. Ұлыбританиядан, Ирландиядан және басқа елдерден Dears фильмді көрсетуге арнайы келген қонақтар да болды.

Көрермендер алғаш рет 2022 жылдың 24 қыркүйегінде Алматыда әртістің жанкүйерлерімен фан-кездесуінде «Бір аспан тарихы» туындысының бейнебаянын көрген болатын. Димаш Құдайберген режиссер Алина Верипяның 13 минуттық музыкалық фильмінде композитор, сценарий авторы және басты рөлді сомдады.

«Фильмнің негізгі идеясы – ол балаларымыздың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын және жерін сақтау үшін бірігуге, бір-бірімізді ұлттық, әлеуметтік, діни принцип бойынша бөліп жаруды тоқтатуға шақырады», – деп бөлісті фильм режиссері Алина Верипя DimashNews редакциясына берген сұхбатында. 

Режиссердің толық cұхбатын біздің сайттан оқыңыз.

Crystal Palace International Film Festival-да «Бір аспан тарихы» фильмі Fab Eclectic Mix / номинациясына ұсынылды.

«Қысқа емес, ұзақ емес, тамаша»,- деп фестивальді ұйымдастырушылар осы санатты сипаттайды.

Crystal Palace International Film Festival бүкіл әлем бойынша 10 000-нан астам кинофестивальдердің ішіндегі ең үздік 10-қа кіреді. 2009 жылы негізі қаланған кинофестиваль картиналарды мұқият таңдау арқылы тәуелсіз фильмдердің ең жақсысын ғана көрсетеді. Фестивальге қатысу фильмге белгілі бір сапа белгісін және үлкен аудиторияны көруге мүмкіндік береді. 

«Бұл жобаның ең үлкен миссиясы-мен әлемде болып жатқан соғыстарды көргендегі өз сезімдерімді көрсеткім келеді. Мен, мұның барлығы не үшін екенін түсінбеймін… сондықтан біз бір-бірімізді құрметтеу, бір-бірімізді сүю қаншалықты маңызды екенін көрсетуге тырысуымыз керек. Мен үшін жаман ұлт жоқ. Біз бәріміз бір Құдайдың балаларымыз», – деді Димаш Құдайберген SOC Film Festival-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Димаштың арнасынан «Бір аспанның хикаясы» фильмін көріңіз: 

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...