ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Арнайы жоба Мәскеу. Димаш. Музыканың құдіреті

Мәскеу. Димаш. Музыканың құдіреті

Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті жоғары деңгейде өтті. 14 мыңнан астам орынға арналған атақты «Мегаспорт» аренасы лық толып, көрермендер музыка кешінен керемет әсер алды. Ондағы көпшіліктің эмоциясынан Димашқа деген сүйіспеншілікті, әнге деген құрметті аңғарасыз. Ал олардың жадында бұл концерт ұзақ уақыт бойы сақталатыны сөзсіз.

«Arnau Tour» әлемдік туры тұжырымдамасына негізделген жанкүйерлер мен әншінің арасындағы ғарыштық байланыс дәл осы күні бұрын-соңды болмағандай сезілді. Димаш өзінің барлық сөздері мен шығармашылығы тек сүйікті көрермендеріне арналғанын бірнеше рет атап өтті. Әнші айрықша әуендері арқылы жанкүйерлеріне ішкі әлемінің барлық қырларын жеткізуге тырысты, сонымен қатар көзімен көпшілікке деген ыстық ықласын танытты.

«Arnau Tour» әлемдік турының аясында аты аңызға айналған «ТОДЕС» балет тобының кәсіби бишілер әркез Димашпен бірге өнер көрсетті, олар өздерінің қайталанбас ерекшеліктерімен сахнаның сәнін келтірді. Соңғы он жыл ішінде «ТОДЕС» София Ротару, Валерий Меладзе, Владимир Пресняков, Лариса Долина сияқты ресейлік шоу-бизнестің алдыңғы қатарлы жұлдыздарымен жұмыс істегенін айта кетуге тиіспіз.

Бұл концерттің арнайы қонағы ресейлік музыкант және композитор Игорь Крутой болды.

Димаштың «Arnau Tour» аясындағы әр қойылымы өзіндік ерекше сюжеті мен терең тарихы бар бөлек дүниеге ұқсайды. Әнші сахнадағы сөзінің барысында қазіргі әлемде ашаршылық, табиғи апаттар, апат, ауаның ластануы және соғыс сияқты көптеген қайғылы жағдайлар болып жатқанын да атап өтті.

Сондықтан да «S.O.S» пирсингтік әнінде жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын бейнелейтін сюжеттер үлкен экраннан көрсетіліп тұрды.

Әсерлі музыкалық сүйемелдеумен бұл көріністер көпшілікті терең ойға жетелеп, жер бетіне, адамдарға деген мейірімділікті оятты. Димаш өзінің әндері арқылы біздің әлемде соғыс сияқты қайғылы, қасіретті оқиғаларға орын жоқ екенін жеткізуге тырысып бақты. Бұл ауру мен жойылудан басқа ештеңе әкелмейтінін ұқтырды.

Сондай-ақ, көрермендердің көңіл хошы үйлесім тапқан осындай сәтте Димаштың «Махаббат бер манаған» әнін барлығы қосыла шырқаған кезі өте әсерлі болды. Олар әртүрлі елдерден келген, әртүрлі тілдерде сөйлейді, бірақ осынау үлкен аренаның ішінде оларды музыка құдіреті біріктірді.

Сонымен қатар Мәскеудің төрінде, әлем елдерінен келген жанкүйерлер алдында «Дүрдараз», «Дайдидау» сынды халық әндерін, «Адай» күйін нақышына келтіріп орындап, ұлтымыздың мәртебесін асқақтатты. Алаштың атын тағы бір мәрте әлемге танытты.

Димаштың жанкүйерлерінің айтуынша, музыкада тіл де, кедергі де жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Жылдың мәдениет қайраткері» номинациясының жеңімпазы атанды

Қазақстандық әнші  "Халық сүйіктісі – Народный любимец года" сыйлығының лауреаттар қатарында болды. Биылғы жылы негізгі номинациялардан басқа, денсаулық сақтау...

Димаш «Виктория-2020» премиясында өнер көрсетті

Мемлекеттік Кремль сарайында "Виктория-2020"музыкалық сыйлығы өтті. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты рәсім ерекше форматта өтуде. Алғаш рет көрермендер болмады. Бұл шектеулер...

«DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің«DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн концертін жариялайды

Димаш өзінің алғашқы онлайн-концертін американдық Tixr.com. платформасында өткізеді. Билеттерді сатудан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылық бағытына жұмсалатын болады. https://www.youtube.com/watch?v=jorHc9Bz_kw&feature=youtu.be&ab_channel=DimashKudaibergen Пандемия басталғалы...

Оқи отырыңыз
Сізге ұсынылған