Жақсы ән айтатын әншілер көп, жүрекке жеткізіп айтатындар аз – жанкүйер

512

Димаштың концертінің алдындағы алғашқы минуттар. Біз «Мегаспорт Аренаның» негізгі кіреберісінде әншінің жанкүйерлерімен кездестік. Барлығының көңіл-күйлері керемет – бақытты жүздер, гүлдер шоғыры, түрлі елдердің жалаулары, DEARS деген жазуы бар үлкен плакаттар.

Тексеру пунктінің қызметкерлері мұндай үйлесімділікті, жанкүйерлердің концерттерге ерекше дайындығын алғаш рет көріп отырғандарын айтады. «Қазақстандық әнші Ресейге бүкіл әлемнен жанкүйерлерін шақырыпты», дейді.

 Тереза, жанкүйер (Гданск, Польша):

– Мен Димаштың шығармашылығымен екі жылдан астам уақыттан бері таныспын. Мен оның барлық концерттеріне баруды жоспарлап отырмын. Сенбіде Ригадағы концертке қатыстым, бүгін Мәскеуге келдім, содан кейін Киев, Дюссельдорф, Прага және Минскідегі концерттеріне барамын. Жалпы, оның барлық концерттеріне, бүкіл өмірімімде қатысқым келеді.

Сонымен қатар, Тереза ​​кеше Валентин Юдашкиннің шоуында болды, онда Димаш өзінің «Your Love» атты жаңа әнін ұсынды. Ол жаңа композицияны тыңдағанда бастан кешкен эмоцияларын суреттеуге тілі жетпейді. Әсіресе, Димаш пен Игорь Крутойдың тандемінен айрықша сезімге бөленіпті. Димаштың даусымен үйлескен лирикалық сиқырлы әуеннің әсерінен көзіне жас алған.

– Польшада біздің жеке фан-клубымыз бар. Біз көп жұмыс істейміз, радиодан бірнеше сұхбат бердік, тіпті Димаштың әндерін де тараттық. Біз Димашты Польшаға ең маңызды және танымал поляк «Sopot Top Of The Top Festival» кешіне шақырғымыз келеді, – деді Тереза.

Димаштың поляктық фан-клубының Facebook-тегі парақшасына мыңнан астам белсенді жазылушылар бар.

Анна, жанкүйер (Варшава, Польша):

– Мен Димашты екі жылдан бері тыңдап жүрмін. Бұл оның мен қатысқан алтыншы концерті. Біріншісі – бір жыл бұрын Кремльде болған, мен оған екі рет бардым. Мен қазақша түсінбейтін болсам да, бұл тіл қатты ұнайды және оны Димаш сондай әуезді етіп сөйлейді.

Владикавказдық фанат Регина концертке 15 сағат қалғанда келуге шешім қабылдаған. Ол оған ыстық сәлемін жеткізу үшін біздің редакцияны іздеп тапуыты.

– Бірде мен YouTube кеңістігін шарлап отырған едім, алдымнан Димаштың «S.O.S» әні шыға келді. Мен қатты қызығып тыңдадым, сондықтан сол бейнетаспаны белгілеп, әлі тыңдап келемін. Мен оған дейін сүйікті тобымның «30 Seconds To Mars» концертіне билеттер алған болатынмын. Алайда Димашты естігенде, мен оны дереу қайтарып, «Волную волну» концертіне билет сатып алып, сол жаққа қарай асықтым.

Содан кейін, әншінің дауысының әсерінен Регина Димаштың Санкт-Петербургтегі концертіне билет сатып алыпты.

– Жақсы ән айтатын әншілер көп, бірақ жүрекке жеткізіп айтатындары аз. Барлық адамдар Димашты сол үшін жақсы көреді, – дейді Регина күлімсіреп.