Күншығыстың шай рәсімі мен жапондық тәттілер жыл мезгілінен хабар береді
Шай-әлемдегі ең сүйікті сусынның бірі. Оны адамзат баласының барлығы ішеді. Тек әр халықтың тарихы тереңнен тартатын өз мәдениеті бар.
Қазақстанда келген мейманха шай ұсыну дәстүрімізде бар. Ол әлеуметтік тұрмысымыз бен мәдениетімізді көрсетеді. Бабаларымыз алыстан келген қонаққа ас ұсынып, шай беріп, дастархан басында бұйымтайын сұрап, келген шаруасын білген. Ал, Жапониядағы әйгілі шай рәсімі туралы естідіңіз бе? Қызықты ақпаратпен бөлісеміз.
Әр әрекет маңызды
Жапонияда шай рәсімі – бұл өте жауапты әрі маңызды шара. Ондағы әр қозғалыстың өз ережесі, әр әрекеттің мағынасы бар. Мұны үйрену үшін көп уақыт қажет. Ал нағыз шай шебері болу үшін арнайы диплом қажет.
Сэн-но Рикю
Жапонияда шай рәсімінің негізін қалаған мәдени қайраткер Рикю (Сэн-но Рикю). Ол -XVI ғасырда өмір сүрген әйгілі зен монахы, ең ықпалды тұлғалардың бірі болған.
Жапондық шай рәсімі мектебі
Жапонияда ғасырлар бойы шай рәсімін отбасылық бизнеске айналдырған мектептер бар. Бұл мектептің ұстазы руханияттың өте жоғары деңгейіндегі жан болуы шарт. Дәстүрлі жапон мәдениетін мұра еткен отбасылар үшін шай мектебінің мұғалімі – ең мәртебелі әрі беделді кәсіптің бірі саналады.
Күншығыс елінде елуден аса танымал шай мектебі бар. Олардың ішінде Сэн-но Рикюдің мұрасын атадан бабаға жалғап келе жатқан – Сэн Омотесенке, Урасэнке және Мушакожисенкенің ұрпақтары.
Жапон шайларының түрлері
Жапонияда шайдың сорты мен түрлері әр алуан. Бір-біріне өсіп, өңделуіне байланысты ерекшеленеді.
Олардың ішінде: тамарекуча, гуокуро, кабусеча, матча, сенча, банча және басқалары бар.
Ең танымал жапон шайы – ашық жасыл түсті «матча». Тенча шайын үгітіп, ұнтақты қайнаған суға құйып ішеді. Дайын шай «Матча» деп аталады.
Ваби және саби
Жапон шай рәсімі – қонақжайлылық көрінісі. Иесі қонақтарына шай беріп, жыл мезгіліне сәйкес келетін ерекше атмосфера жасайды. Қонақ күтуші мейман келетін бөлмені сурет, гүлдермен безендіріп, қолайлы ыдыс-аяқ таңдайды.
Жапон шай рәсімінің мәні – шамадан тыс сән-салтанатқа бөлейтін сезім.
Жапонияда «ваби» және «саби» ұғымдары бар. «Ваби» табиғаттың толық жетілмеген, енді бүр жарған көрінісі. Ал «саби» ескі және тарихи заттардың заманауи үлгілеріне қарағанда тартымды екенін білдіреді. Бұл ұғымдарды біріктіре пайдаланғанда қарапайымдылық пен сұлулықтың үйлесімін көруге болады.
Жыл мезгіліне сай тәттілер
Жапондықтар жыл мезгілдерінің өзгеруіне үлкен мән берген. Жапондық шай рәсімінде тәттілер жаңа маусымның сезімін жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Намагаши (Намагаси) – өте жұмсақ және тәтті кондитерлік өнім. Оның негізгі қоспасы – қант, қызыл бұршақ, күріш және крахмал. Білікті жапон шеберлері намагаштарды қолмен жасайды.
Бұл тәттіні шай рәсімі кезінде ғана емес, қарапайым өмірде де жеуге болады.
- Жапон көктемі
Жапонияда көктем әрқашан нәзік сұлулығымен ерекшеленеді. Сакура жапырақтары ауа қалықтап, нарцис гүлінің жұпар иісі айналаны алып кетеді.
Жапондық «ерте көктем» тәттілері – гүл, жануар мен пейзаж түрінде әзірленеді. Дизайны көктем келіп, жаз шыққанша айыстырылып отырады.
- Жапониядағы маусым айы
Жапонияда маусым айында гортензия гүлдей бастайды. Сондықтан жаздың басында күншығыс елінің әр бөлігінен гортензия тәрізді тәтті табасыз.
Өсімдіктің гүлдеу уақыты аяқталған уақытта келер жылға дейін гортензия дизайнымен жасалған тәттілер қолданылмайды.
- Жаз
Киотодағы өзен жағасында әйгілі жағалау мейрамханаларында ағаш жабындылар бар. Бұл жерде судың саф ауасы мен желдің жағымды самалын сезінуге болады. Бұл жабындылар тек жаздың аптап ыстығына арналған. Маусым аяқталған кезде олар да пайдланылмайды.
Жапонияда теңіз толқындарына ұқсайтын тәттілер бар. Олар тек жазда ғана шығарылады.
- Күз
Күз-бұл керемет әрі әдемі мезгіл. Сары алтын жапырақтар желмен бірге билегендей әсермен тас жолды жауып жатады.
Жапон тәттілері осы мезгілде күзгі жапырақтардың түсі өзгергендей, бірнеше апта сайын өз түсін өзгертеді.