Димаштың клиптері әлем бойынша телеарналар мен түрлі цифрлық алаңдарда көрсетіледі. Оның туындылары бірінен-бірі кем емес. Сондықтан үздігін анықтау да оңай болмай тұр. Осы орайда біз оның соңғы уақытта көптің көңілінен шыққан клиптері мен Димаштың өзі танылғанға дейінгі клиптерін жіктеп шықпақшымыз.  

Димаштың өнері бала кезден бастау алды. Көптеген әндерді орындап, композициялар жазды. Бірақ оның ертеректе орындаған туындыларының басым бөлігінде бейнеклип жоқ.

Қазақстандық әншінің клиптері қазір қолжетімді. Ғаламтордан қалағанша, бірнеше сағат  бойы тегін тыңдап, көруге болады.

Алайда, Димаштың өнеріне құштар оқырмандардың таңдауын жеңілдету үшін оның қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінде орындаған әндеріне топтама жасадық.

Сонымен,  қазақстандық әншінің ТОП – 12 клипі.

1 ДАЙДИДАУ

Димаштың ең алғашқы ресми клипі 2013 жылы шықты.  Бұл «Дайдидау»композициясына арналып жазылған бейне. «Дайдидау» халық әні. (оны ақын Мағжан Жұмабаев жазған деген болжам да бар) Туынды ұрпақтан ұрпаққа өнерпаздардың орындауымен жетті.

Тыңдармандардың пікірінше, Димаш шырқаған «Дайдидау» нұсқасында Қазақстанның ерекше мәдениеті мен тарихы көрініс тапқан.

2 КӨРКЕМІМ 

2014 жылы Димаш «Көркемім»әніне музыкалық бейне түсірді. Әсерлі композицияның музыкасын Димаш Құдайбергеннің өзі жазған. Көрерменді бірден баурап алмағанымен, кейін бұл туындынды көптің көңілінен шықты. Ән мәтінінің авторы әншінің әкесі Қанат Айтбаев. Оның да өмірі музыкамен біті қайнасқан жан.

3 SCREAMING

2018 жылы Димаш өзінің ағылшын тіліндегі Screaming әніне түсірілген алғашқы бейнесін шығарады. Музыканың авторы Muhgal. Ол бұрын Шакира, Ашер, Ne-Yo және басқа танымал орындаушылармен жұмыс жасаған.

Бейнебаян тез тарап, көптің көңілінен шықты. Ал америкалық  MTV – мамандары тіпті клип астына «біз бұл әнді күні бойы қайталап тыңдаймыз береміз» деп пікір қалдырды.

4 THE MEANING OF ETERNITY

2018 жылы Димаш тағы бір саундтрек жазды. Бұл жолы қытайлық «үш дос» (Three Buddies) мюзикліне арналды.

Мюзиклдің композиторы Са Диндинг жобаға Димашты арнайы таңдап, сенсациялық туындығы қатысу құрметін иеленгендердің қатарында болды.

Әнді орындағанда әртістік қабілет те вокалдық күрделі талаптар да болды. Көрермендер мен кәсіби мамандар Димаштың бұл үддеден шыққанын, жоғары регистрде шырқайтын дауысының ерекшелігін атап өтті.

5 АҚҚУЫМ / МОЙ ЛЕБЕДЬ

2019 жылы Димаштың шығармашылығы қарқын ала түсті. Жанкүйерлер үшін алғашқы сыйдың бірі – «Аққу»композициясына арналған клип болды. Ол 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде шықты.

Клип әсерлі шықты. Бір-біріне ынтық жастардың сезімі екі аққумен ерекше суреттеледі.Өкінішке оқиға қайғылы аяқталады.

Айтпақшы, киелі құстың тақырыбы әншінің алдағы жұмысында да жалғасатын болады.

6 ЛЮБОВЬ УСТАВШИХ ЛЕБЕДЕЙ

2019 жылы Димаш тағы да «Любовь уставших лебедей» әніне бейнеклип түсірді. Бұл трек ресейлік авторлармен – композитор Игорь Крутой  және ақын Михаил Гуцериевпен ынтымақтастықтың бастауы болды.

Түсірілім Испанияда өтті. Режиссер атақты украиндық клипмейкер Алан Бадоев.

«Любовь уставших лебедей» ғашықтардың бір-біріне деген нәзік сезімдері мен адалдықтары туралы астарлы жеткізілген. Көптеген жанкүйерлер бейнебаянның таңғажайып сюжеттік және визуалды компоненттерін атап өтті.

7 ЗНАЙ

Димаш Құдайбергеннің тағы бір әсерлі бейнеклипі 2019 жылдың қазан айында көпке жол тартты. «Знай» әні -Игорь Крутой жазған тағы бір композиция. Алан Бадоевтың да үлесі бар.  Режиссер философиялық тұрғыдан бейне үстіне субтитрмен мазмұнынан түсінік береді.

«Ер мен әйел арасындағы шексіз қарым – қатынас шеңбері – дүниеге келуден бастап, махаббат сезімі, іңкарлық пен өз-өзін жоюға дейінгі жағдайлар сипат алады. Игорь Крутой мен Михаил Гуцериев нағыз махаббатқа арналған  мәңгілік есте сақталар идеяны қалады. Ал Димаш қос ғашықтың жан тебіренісін керемет дауысы арқылы жекізе білді».

Әуен баяу басталып, жайлап қарқынды орындалып, әсері күшейе түседі. Скоугафосс сарқырамасындағы Исландияның ерекше пейзажында түсірілген бейнебаян көрерменді ерекше күйге батырып, сол сәтті сезініп, кейіпкерлердің жан дүниесін ұғынуға мүмкіндік береді.

8 YOUR LOVE / ТВОЯ ЛЮБОВЬ

2020 жылдың 8 наурызында  ресейлік модельер Валентин Юдашкиннің Мемлекеттік Кремль сарайында көрсетілімі өтті. Осы көрсетілім кезінде Димаш Құдайбергеннің «Your Love» атты жаңа әнінің премьерасы болды. Музыкасы композитор, продюсер Игорь Крутойдікі, сөзін әлемге әйгілі әнші Лара Фабиан жазған.

Лара Фабиан Димаштың талантын өте жоғары деп санайды. Жас әнші үшін арнайы өлең сөздерін жазып, музыкасын Игорь Крутойға ұсынған.

9 GOLDEN / ЗОЛОТОЙ

2020 жылдың 30 наурызында Димаштың «Golden» әніне арналған тизер-клип шықты. Бұл әншінің Киевтегі концертінің презентациялық материалы іспетті. Клиптің режиссері Анна Обоянская.

Әлемдегі COVID-19 пандемиясына байланысты Димашқа «ARNAU» атты әлемдік турне аясындағы концерттерін шегеруге тура келді. Дегенмен жас әнші қиын жағдайда әрқашан өз Dear-ларымен бірге. Тизер-клипті шығарудың да мақсаты осы. Қандай сәтте де Димаш пен жанкүйерлері бір-бірінен алыстамағанын, бірлесе күш болып қалатынын көрсету.

Тизерге концерттегі ең жарқын, ерекші, әсерлі бейнелердің үзінділері алынған. Жанкүйерлердің шынайы эмоциялары музыканың ырғағымен  керемет астасып, ерекше әсер береді.

10 WE ARE ONE / МЫ ЕДИНЫ

2020 жыл адамзат үшін оңай болған жоқ. Димаш Құдайберген We Are One композициясымен коронавирус пандемиясымен күресте жүрген жандарға қолдау көрсетпек болды.

We Are One әніне арналған бейнебаянды әлемнің әр түпкіріндегілер жылы қабылдады. Мысалы, Қытайдың Weibo платформасында бұл клип 48 сағат ішінде 150 миллионнан аса қаралым жинады.

11 ACROSS ENDLESS DIMENSIONS

Бұл композиция итальяндық Creators: the Past фильмінің басты саундтрегіне айналды. Таспаның режиссері де сазгері де Пьерджузеппе Зайя. Ол туындыға  ерекше дауыс іздеп, оған Димашты лайық деп шешті. Итальяндық режиссер «Across Endless Dimensions» әнін Димаш Құдайбергенге ұсынды.

Зайяның айтуынша, Димаштың дауысы оған қатты әсер еткен. Оның «өзгеше жаратылысы» фантастикалық картинасы дөп түсетінін ұққанын атап өтті.

12 ҚАЙРАН ЕЛІМ

Бұл клип Димаштың алғашқы режиссерлік жұмысы. Қойылымдағы оның серіктесі белгілі қазақстандық оператор Азамат Дулатов. «Қайран елім» музыкасының композиторы, өңдеуші және авторы қобызшы Олжас Құрманбек пен Ренат Гайсин де клипке бірге түсті.

Бейнебаян түсірілімі Солтүстік Тянь-Шань маржаны Көлсайда өтті. Драмалық ән мен бейне Отанды сүю және рухты көтерудің  маңызын жеткізеді. Біз күш пен рух біріктіргенде ғана көп қиындықты бірге жеңе аламыз.