Мажарстандағы Саз сарайы: музыка баршамызға ортақ құндылық

956
Пласидо Доминго:
«Мажарстандағы Саз сарайының ізгі мұраты – жас ұрпаққа классикалық музыканың кереметін жақындату. Мұндай теңдессіз орталықтың бой көтеруінің арқасында классикалық музыка жастардың жүрегін еріксіз жаулайды»

Шынтуайтында, бұл сарайдың  қызметі тек классикамен шектеліп қалмайды, керісінше кең ауқымда –  саз өнеріндегі жанрларды барынша қамтиды. Ол жас дарындарға сан қырлы, алуан түрлі басқосуларды қамтамасыз етеді, өзгеден одағай ерекше дауыстарды, саз өнеріндегі ерекше ғажайып туындаларды қолдауды мақсат етеді.

Сарай көрме, концерт, бірлескен орындаушылық болсын, тіпті ән айту, би билеу, музыкалық педагогика, мейлі  ашық университеттік дәріс сияқты алуан түрлі бағдарламалар арқылы келушілерге теңдессіз ләззат сыйлайды.

Саз сарайы Еуропадағы ауқымды мәдени бастамасымен Liget Budapest Project жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Ұйымдастырушы кәсіби жұмыс тобының мақсаты көрме, жанды музыка және музыкалық педагогика үштігіне қол жеткізу. Осы мақсатқа лайық бірегей органикалық ғимаратты жапондық маман Су Фуджимото жобалаған.

Фотомәлімет:  magyarzenehaza.com

«Концерт залдарының көпшілігі жабық, қораптар секілді, мен, керісінше ашық кеңістікті таңдададым»– дейді Су Фуджимото.

Жапон сәулетшісінің шешімі бойынша көрме кеңістігі жер деңгейінен төменірек орналасқан.

Музыка тарихына арналған экспозиция мұражайды тамашалауға келгендерді интерактивті және әсерлі техникалық шешімдер арқылы музыка өнерінің дамуымен таныстырады,  дәлірегі аталмыш өнердің пайда болуы, дамуы һәм болмысы қақында жан -жақты мәлімет береді. Оны алдағы уақытта түрлі мерзімдік тақырыптық көрмелер толықтырады.

Дыбыс күмбезі деп аталатын құрылым да осы қабатта орналасқан. Ол дыбыстар беретін ғибадатхананың күмбезіне ұқсайды, әрі онда (артында жасырын динамиктері бар) проекциялық жайма (экран) орналасқан. Мұнда табиғи дыбыстардан бастап композициялық музыкаға дейін дыбыс әлемі тербеледі. Тіптен, саздың әсері бұл өлшемнен де асып кетеді. Яғни, ол жаңа дыбыстарды дүниеге әкелетін шексіз мүмкіндіктерге ие зертхана іспетті.

Ғимараттың бірінші қабаты жанды композициялық музыкаға, бүгінгі заманға арналған. Қабырғалары шыныдан жасалған бірегей концерттік зал бар. Шыны қабырға акустика мамандарына біршама қиындықтар туғызды, бірақ түпкілікті шешімі өзгеше болды: әйнектің тегіс бетін бұзу тәсілінің арқасында бөлменің кез келген жерінде тұрған тыңдаушыға дыбыс айырықша әсер, ләззат сыйлай алады.

Музыканың шексіздігі аталмыш ғимараттың визуалды «шексіздігімен» қабысады. Биіктігі 4 қабатқа  парапар (12–13 метр) биік шыны қабырғалар 100 саңылауы бар көкке (төбеге) өрлеп, аспан иірімімен қабысқан.

Ғимараттың осы деңгейінде ашық сахна мен музыка ойынына  арналған алаң бар. Ойын алаңында келушілер еденде орналастырылған түрлі дауылпаздар мен «музыкалық жастықтарды» немесе бағаналы қоңырауларды, тіпті аяқпен икемке келетін ысқырықтарды қозғалысқа келтіру арқылы сан алуан түрлі дыбыс, ырғақ, әуен шығара алады.

Жоғарғы (үшінші) қабат келешекке арналған. Онда музыкалық-педагогикалық кабинеттер, мультимедиялық кітапхана мен клуб , сондай-ақ көрсетілімдер мен дәрістерге арналған орналасқан., сондай-ақ көрсетілімдер мен дәрістерге арналған орналасқан.

 

Қазақша аудармасы: Мандоки Оңайша