ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты...

«Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты ақпарат құралдарының бірінде жазды

Dears «Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты ақпарат құралдарының бірінде...

«Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты ақпарат құралдарының бірінде жазды

14 қаңтарда Испанияның әйгілі «El periodico de espana» газетінде «Жаһандық феномен» айдарымен Димаш туралы мақала жарияланды. Басылымда автор қазақстандық орындаушының шығармашылық жолы туралы, сондай-ақ оның испандық жанкүйерлері туралы да әңгімелейді.

DQ FC Oficial Espana фан-клубындағы Димаштың жеті жанкүйері Испаниядағы ең маңызды ақпарат құралдарының бірі саналатын «El periodico de espana» («Испан газеті») порталына егжей-тегжейлі сұхбат берді.

Өз сұхбатында Dears қазақстандық әртістің шығармашылығына 2017 жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатқанын, сонымен қатар, Қазақстанның Испаниядағы Елшілігімен белсенді ынтымақтасатындарын атап өтті.

«Мен оны көп тыңдаған сайын тіпті ерекше таң қала түсетінмін. Оның видео-орындауларының астында жазылған пікірлердің көпшілігі орыс және қазақ тілдерінде болғандықтан, эмоциямды ешкіммен бөлісе алмағаныма көңіл-күйім ерекше түсетін еді. Бір күні мен күтпеген жерден испан тіліндегі пікірді көріп қалдым. Ойланбастан оған жауап бере бастадым. Осылайша мен Димаштың Латын Американдық жанкүйерін кездестірдім. Ол Испанияда жақында құрылған фан-клуб туралы айтып берді. Содан бері мен ол фан-клубты Мария Хосе, Эстер, Кармен, Лаура және Кристинамен бірге басқарып келемін. Олардың әрқайсысы еліміздің түкпір-түкпірінен келсе де, барлығын Димашқа деген сүйіспеншілігі біріктіреді. Біз қазір Димаштың жанкүйерлері болып Facebook парақшасын да аштық. Ол жерде 14 мыңнан астам мүше бар. Димаш бір күні елімізде концерт берсе екен деген оймен, біз Димашты Испанияда одан да танымал еткіміз келеді», – деп атап өтті испан фан-клубының негізін қалаушылардың бірі Луиза.

Сондай-ақ, испандық Dears Қазақстанның Испаниядағы Елшілігімен белсенді түрде байланысып, ынтымақтасып келеді.

«Біз бір отбасымыз. Жыл сайын Мадридте кездесіп, онда контент жазып, алдағы жылға жоспар жасаймыз. Біздің соңғы кездесуіміз Аточа маңындағы қонақүйде өтті. Оған Қазақстан елшілігінің хатшысы да қатысты. Біз Қазақстанның елшілігімен жақсы қарым-қатынастамыз. Елшілік қызметкерлері бізді көрмелер мен көркем фильмдер көрсетіліміне жиі шақырады», – дейді Луиза.

Қазіргі таңда екі жақ та қазақ тілін үйрену курстарын ұйымдастыруды қалайды. Бірақ, Испанияда қазақ тілін үйрететін курсты табу мүмкін емес. Сондай-ақ, испан тіліне аударылған қазақша кітаптарды табу да оңай емес.

Басылымның авторы, журналист Педро Дель Коррал былай деп атап көрсетеді:

«Димаш 2017 жылдың басында Қытайды жаулап алған I Am A Singer телешоуының арқасында танымал болды. Ол кезде Димаш өз туған жері Қазақстанда әлде-қайда танымал әнші еді. Кейінірек жеке концерттерінің бірінде Димаш Даниэль Балавунның SOS d’un terrien en détresse композициясының шебер интерпретациясын көрсетті. Қазақ әншісі Димаштың диапазоны бес октава және тоғыз жарты тонды құрайды. Сондықтан ол баритоннан сопраного оңай ауыса алады. Әртіс екі альбом шығарып, АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Дубай, Чехия және басқа елдерде ауқымды концерттер беріп үлгерді».

Басылымның толық нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы оқуға болады: https://www.epe.es/es/cultura/20240114/dimash-kudaibergen-club-fans-espana-kazajistan-sos-96692391

Соңғы жаңалықтар

Будапештте аншлаг – Димаштың «Stranger» туры Мажарстандағы жеке концертімен жалғасты

4 мамырда Димаштың 2024 жылғы алғашқы жеке концерті Будапештте «Stranger» турының аясында өтті. Мажарстандағы ең үлкен алаң - Ласло...

«Димаш өз әуендерінің қалай шырқалатынын жақсы біледі», – деп хабарлайды «When I’ve got you» және «Smoke» сөздерінің авторы Кэндис Келли

Димаш Құдайбергеннің жуырдағы премьералары – «When I've got you» және «Smoke» композицияларының сөзі америкалық жас лирик Кэндис Келлидің қаламынан...

Домбыра және опералық вокал – Димаштың «Smoke» атты жаңа трек-әнінің тұсаукесері. Музыкалық продюсер Дмитрий Гордонмен сұхбат

26 сәуірде әлемдік музыкалық платформаларда Димаш Құдайбергеннің «Smoke» атты жаңа трек-әні шықты. Жаңа туындының композиторы – Димаштың өзі болса,...

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...