ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

Dears Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

22 ақпанда Димаштың Жапониядағы фан-клубы Қазақстан елшілігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Димаштың Күншығыс елімен бұрыннан шығармашылық қарым-қатынасы бар. Тиісінше, жапондық фан-клуб қазақстандық әншіні ұзақ жылдар бойы бірауыздан қолдап келеді.

Шараға Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінен құрметті қонақтар Әнуарбек Қарашев пен Айдос Дәркенов, сондай-ақ Қазақстанның Токиодағы Елшілігін құруға зор үлес қосқан жапондық Акао Сатоши қатысты.

Димаш 2019 жылы Токиода өткен ABU TV SONG FESTIVAL фестиваліне «S.O.S D’un Terrien En Détresse» әнімен қатысқан болатын. Келесі жылы бұл туынды қазақтың халық әні «Самалтау» әнімен бірге «Tokyo Jazz» фестивалінде орындалды.

2021 жылы Tokyo Jazz және ABU TV SONG фестивалінде Димаш жапон тілінде «Ikanaide» композициясымен шықты. Оның бұл туындысы көрермендердің, кәсіби музыканттар мен лириктердің көптеген қызу пікірлерін тудырды. Осы ретте жапондық фан-клубының Dears-ы танымал жапондық лирик, «Ikanaide» мәтінінің авторы Горо Мацуидің сұхбатын ұсынды.

2020 жылы Димаштың Dimash Japan Fan Club жанкүйерлері Флавьен Компаньонмен және Уолтер Афанасьевпен тікелей эфирде «Love’s Not Over Yet» әні туралы сұхбаттасты.

«Димаш – ғажайып жаратылыс. Ол жәй адамның періште-музыкалық туындысы! Оның таланты, вокалдық қабілеті, дауысы арқылы музыкаға деген сүйіспеншілігі — мен бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін. Жаңа музыка жазу керек болса, біз оны жазамыз. Бірақ бәрі де өз уақытында болғаны дұрыс», — деп жауап берді композитор 2020 жылы жапон фан-клубының жанкүйерлеріне.

Енді, міне, уақыт келді – 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда жаңа ән жарық көреді. Ал, Димаштың YouTube арнасында «Love’s Not Over Yet» бейнебаянының тұсауы кесіледі.

LOVE’S NOT OVER YET PRE-SAVE

Алдыңғы кездесуге оралсақ, бұл Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын талқылау ғана емес, нағыз мәдени алмасу болды. Қатысушылар Жапония мен Қазақстан арасындағы ұқсастықтарды талқылап, екі елдің мәдениеті мен тілі туралы білетін дүниелерін ортаға салды. Кештің атмосферасы ерекше болды.

Жапон фан-клубының «Қазақстан және Димаш» тақырыбында дайындаған бейнеролигін бірлесіп көру әсерлі сәт болды. Қазақстан Елшілігінің өкілдері видеодан кейін басқаша көңіл-күйге бөленді.

«Димаштың арқасында, оның әндері арқылы біз Жапония мен Қазақстанды біріктіретін байланыс пен күшті рухани жақындықты сезіндік», — деп бөлісті жапон фан-клубынан Dears.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...