ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық "Музыкаға деген қасиетті махаббат"

«Музыкаға деген қасиетті махаббат»

Басты жаңалық "Музыкаға деген қасиетті махаббат"

«Музыкаға деген қасиетті махаббат»

Раймонд Паулстың мерейтойы, Dears-тің үлкен қолдауы және үш көшбасшының сенімді қойылымы. «Жаңа толқын 2021» фестивалінің екінші байқау күні несімен есте қалды?

Барлығы әдеттегідей дәстүрлі қызыл кілемнен басталды, онда Димаш «Игорь Крутой академиясының» балаларымен суретке түсті. Қазақстанда осындай оқу орындары бар ма деген сұраққа ол балалар мектептерінен басқа «Baqytty Bala» Халықаралық балалар байқауы да бар екенін атап өтті.

Конкурстық бағдарлама басталар алдында қазылар алқасының концерті өтті. Танымал әртістердің өнер көрсетуі байқауға қатысушылар үшін өзіндік шеберлік сыныбы болды. Олардың көпшілігі әртүрлі халықаралық жарыстарға қатысқан үлкен тәжірибеге ие және шығармашылық мансап үшін «Жаңа толқын» фестивалі сияқты ірі іс-шараларға қатысу қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі.

Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың «Мен сені сағындым» композициясын автордың сүйемелдеуімен орындады. Көрермен әртісті жылы қабылдады, залда Ресейден және басқа да елдерден көптеген Dears бой көрсетті.

Фестивальде жұмыс істейтін репортерлар көрермендердің басым бөлігі қазақстандық орындаушының шығармашылығына қызығушылық танытатынын атап өтті. Димаш әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдаушыларына алғысын білдіріп, ресейлік әріптестеріне таңданысын жасырмады және барлығын отанына шақырды.

Концерттің финалында қазылар алқасының барлық мүшелері фестивальдің бастауында Игорь Крутоймен бірге «Жаңа толқынның» негізін қалаушылардың бірі, КСРО Халық әртісі Раймонд Паулсты 85 жасқа толуымен құттықтады.

Импровизацияланған «Шеберлер хоры» оның ең танымал композицияларының бірі – «Маэстро»-ны орындады. Бұл ән латвиялық композиторға музыкалық сыйлық ретінде ғана емес, сонымен қатар «Музыкаға деген бір қасиетті махаббатпен» мұғалімнен оқушыға шығармашылық эстафетаны берудің символы ретінде қатысушыларды өзіндік қолдау мақсатында айтылды.

Кеш екінші байқау күнімен жалғасты. Қатысушылардың алдында күрделі міндет – тыңдаушыларды өз елінің танымал шығармаларымен таныстыру тұрды. «Mezzo» квартеті композитор Павел Есениннің және Эрик Чантурийдің сөзіне жазылған «Жаңбыр» әнін ұсынды. Бұл туынды посткеңестік кеңістікте белгілі қазақстандық әртіс Батырхан Шүкенов орындауының арқасында белгілі.

Екінші байқау күнінің қорытындысы жарыстың бірінші күні байқалған төрт қатысушының көшбасшылығын растады. Ұпай саны бойынша төрт қатысушы алға шықты: Испаниялық Хорхе Гонсалес (169 ұпай), Қазақстандық «Mezzo» тобы (170 ұпай), Болгариялық Деница Караславова (173 ұпай) және Армениядан келген әнші Saro, тағы да ең көп 179 ұпай жинады.

«Жаңа толқын 2021» халықаралық жас орындаушылар байқауының екінші байқау күнін 24 тамызда «Россия 1 / Россия 1 HD» телеарнасының эфирінен тамашалаңыздар (уақытын телебағдарламадан нақтылаңыз).

Соңғы жаңалықтар

Димаш пен Бурак Йетердің «Weekend» әні неміс радиосының ТОП 100 әнінің қатарына енді

Димаш пен Бурак Йетердің «Weekend» әні Солтүстік Германиядағы ең танымал Radio Hamburg радиостанциясының ТОП 100 «Пасха хит марафонының 835...

Қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері: көру қабілеті нашар жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

27 наурызда Астанада көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетуге арналған қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері өтті. Ш.Шаяхметов...

Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие болды

25 наурызда Димаш Құдайбергеннің шығармасы Чили мен Эквадордың радио-парадтарында 1-ші орынды иеленді. Чилидегі Radio Hoy радиостанциясында «When I’ve got...

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

«Қош келдің, Наурыз!» - деген тамаша атаумен алғашқы рет Балтық жағалауы елдері, оның ішінде Латвияда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып,...