ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Қазақстанның Польшадағы елшісі "Dimash" радиосын мерейтойымен құттықтады

Қазақстанның Польшадағы елшісі «Dimash» радиосын мерейтойымен құттықтады

Dears Қазақстанның Польшадағы елшісі "Dimash" радиосын мерейтойымен құттықтады

Қазақстанның Польшадағы елшісі «Dimash» радиосын мерейтойымен құттықтады

22 тамызда қазақстандық әртіске арналған «Dimash» поляк радиостанциясының эфирге шыққанына бір жыл толды. Осыған орай редакция, шақырылған қонақтар және Dears Варшавадағы студияда кездесті.

Мерекелік эфир 12:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты. Күні бойы редакция Димаштың бүкіл әлемдегі жанкүйерлерінің тілектерін жеткізді. Студияның қонақтары радиоға бір жыл бойы келген жандар болды. Олардың қатарында – режиссер Люк Корвин бой көрсетті, ол «Dimash» радиосының редакциясымен қазақстандық «Хабар» телеарнасына сұхбат жазған болатын.

Тағы бір қонақ радионың досы Яцек болды, ол команданы барлық жағынан қолдады және тіпті жөндеу жұмыстарына да көмектесті.

Мерекелік кешке журналист, тарихшы, саясаттанушы, поляк-қазақ қатынастарының маманы Жандос Қарынбаев қатысты. Соңғы жылы оның қатысуымен поляк және қазақ тілдерінде бағдарламалар циклі жасалды, олардың ішінде «Абай сияқты сүю» және «Қазақстан – тек жазық дала мен киіз үй елі ғана емес» сынды бағдарламалар болды.

Эфир кезінде редакция көптеген қызықты оқиғаларды естіді және Dears-тен көптеген телефон қоңырауларын қабылдады.

«Радио бір жыл бойы жұмыс істеп келеді. Димаш онда тәулік бойы ән айтады. Біздің эфирлерімізді бүкіл әлемнің жанкүйерлері тыңдайды. Біз тыңдармандарды Димаш Құдайбергеновтің шығармашылығына ғана емес, Қазақстанның тамаша мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүрлеріне жақындату үшін бағдарламалар циклін іске асырамыз. Олардың ішінде «Ұлы дала ертегілері», «Dimash» радиосындағы «ТОП-7″ хиттер тізімі. Сондай-ақ, біз ең маңызды қазақстандық мерекелерге арналған эфирлер өткіземіз», – деп бөлісті радио редакторы Тереза Какол.

Редакцияны туған күнімен Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Қирабаев құттықтады. Оның құттықтауын радиостанцияны жасаушылар үлкен толқыныспен қабылдады.

Әлім Қирабаев өз хатында былай деп жазды:

«Біз сіздерге Польшада қазақ әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын белсенді түрде танымал еткендеріңіз және оған зор қолдау көрсеткендеріңіз, Қазақстанның мәдениеті туралы білім таратқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Біз сіздердің радиостанцияларыңыздың қызметі Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз. Сіздерге жаңа шығармашылық табыстар, радионың халықаралық аудиториясының кеңеюінің және өркендеуін тілейміз».

Өз кезегінде Тереза Какол:

«Біз осындай тамаша тілектер үшін Әлім Қирабаев мырзаға шын жүректен алғыс айтамыз! Димаш бізге бір жыл бұрын «Dimash» радиосының іске қосылғаны үшін өз алғысын айтқан кезде, қуаныштан басқа, біз өзімізге көрсетілген сенімге нұқсан келтірмейміз бе деген толқу сезімін де бастан өткердік. Бүгін мен сенімді түрде жауап бере аламын: біз уақытты босқа өткізбедік және үміттеріңізді ақтадық. Ең бастысы – біз мұны жалғастырамыз!» деп өз ойымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....