ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық "Олар менің жанымның серігі": Зарина Божакова "Saz&Soul" тобының солисті...

«Олар менің жанымның серігі»: Зарина Божакова «Saz&Soul» тобының солисті атанды

Басты жаңалық "Олар менің жанымның серігі": Зарина Божакова "Saz&Soul" тобының солисті атанды

«Олар менің жанымның серігі»: Зарина Божакова «Saz&Soul» тобының солисті атанды

24 мамырда қазақстандық «Saz&Soul» тобының ресми Instagram-аккаунтында жаңа солисттің құрамға қабылданатыны туралы жарияланды. Ол – Димаш Құдайбергеннің БЭК-вокалисті Зарина Божакова.

«Saz&Soul» вокалдық-аспаптық тобының құрылу тарихы осыдан 10 жыл бұрын, композитор Әділжан Толықпаев авторлық туындыларды орындау үшін, сондай-ақ қазақтың халықтық және танымал композицияларына кәсіби каверлер жасау үшін кәсіби музыканттардан тұратын ұжым құру туралы армандай бастаған кезде басталды.

Әділжан бұрыннан бар әндерге жаңа стиль, табиғат пен мінезді енгізу үшін өзінің бірегей аранжировкасымен каверлер жасағысы келді.

Алматыда композитор «Saz&Soul» алғашқы құрамын жинады, оған консерваторияда оқыған жоғары кәсіби музыканттар кірді. Алайда, Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін ескі құрам таратылып, елордада жаңа топ құруға тура келді.

Жұбайы музыкант Шырын Базарқұловамен бірге олар музыканттарды 2017 жылы құрылған топқа мұқият іріктеуді бастады. «Saz&Soul» тобы ондағы барлық музыканттардың классикадан джазға дейін, джаздан фанкке дейін және т.б. кез келген стильде және жанрда ойнай алатындығымен ерекшеленеді.

Топтың алғашқы солисті жақында өзінің шығармашылық мансабын жеке дара жалғастыру үшін құрамнан кеткен Салтанат Меңдіғалиева болды.

«Заринаны біз көптен бері бақылап жүрміз. Біз оның Димаштың командасында БЭК-вокалист болып жұмыс істейтінін білдік. Біз оны әрдайым орындаушы, музыкант, сондай-ақ адам ретінде жақсы көрдік. Алғаш танысқан кезде Зарина екеуміз «Егіз Лебіз» телевизиялық жобасында бірге жұмыс істедік, онда біз музыка мен шығармашылыққа деген көзқарастарымыз толығымен сәйкес келетінін түсіндік. Сондықтан, «Saz&Soul» жаңа солисті кім болады деген сұрақ туындаған кезде, біз Заринадан басқа ешкім ұжымға жараспайды деп шештік», – деп бөлісті Шырын Базарқұлова.

Маэстро Әділжан Толықпаев жаңа шығармашылық тандемнен жемісті және табысты жұмыс күтеді:

«Зарина – теориялық білімі, керемет есту қабілеті және адами қасиеттері жоғары өте мықты музыкант. Болашақта біз тыңдармандарымызбен тек фирмалық және сапалы музыкамен бөлісуді жоспарлап отырмыз».

«Saz&Soul» тобының алдында көптеген жоспар мен мақсат бар. Ең негізгілерінің бірі – халықаралық шоу-бизнеске шығуға тырысу. Қазір ұжым тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және ағылшын тілдерінде де жаңа әндермен жұмыс істеуде.

13 маусымда Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» Орталық концерт залында «Saz&Soul» тобының жаңа құрамдағы алғашқы жеке концерті өтеді. Концерттің репертуары Шырын Базарқұлованың, топтың бас гитаристі Азамат Темірбаевтың, сондай-ақ Зарина Божакованың авторлық әндерінен тұрады.

«Маэстро Әділжан Толықпаев Шырын Базарқұловамен бірге мені топтың солисті ретінде көргісі келетіндерін айтқан кезде, мен үшін бұл керемет сезім болды. Олар мені кастингке шақырды, мен топтың репертуарынан бірнеше шығарманы орындаған кезде, менің топқа қабылданатыным туралы түпкілікті шешім қабылданды. «Saz&Soul»-мен жұмыс істеу мен үшін үлкен ғанибет. Құрамның әрбір мүшесі – менің жанымның серігі, менің бөлшектерім. Біздің мінезіміз, өмірлік ұстанымдарымыз және шығармашылық көзқарастарымыз сәйкес келеді. Қазір біз авторлық композициялармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біздің болашақ жұмыстарымыз тыңдармандарымыздың көңілінен шығады деп үміттенеміз!»,- деді Зарина Божакова.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...