ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Перуан музыкалық аспаптарының дыбыстауындағы "Дайдидау"

Перуан музыкалық аспаптарының дыбыстауындағы «Дайдидау»

Dears Перуан музыкалық аспаптарының дыбыстауындағы "Дайдидау"

Перуан музыкалық аспаптарының дыбыстауындағы «Дайдидау»

Перудағы Димаштың фан-клубы танымал Inca Son анд тобымен бірге «Daididau Andino Project» жаңа жобасын ұсынды. Аңызға айналған қазақ әні әншінің 27 жасына орай Перу халық аспаптарында дыбысталып, ойналды.

Бірнеше ай бұрын Dimash Kudaibergen Peru World фан-клубы қазақстандық орындаушының туған күніне орай осы жобаны ойластырды. Димаш үшін «Дайдидау» әні қаншалықты маңызды екенін біле отырып, оның шығармашылығының жанкүйерлері Перудің халық аспаптарының дыбысына әйгілі композицияның дыбысталуына шешім қабылдады. Фан-клубқа әннің дыбысталуын танымал анд тобы Inca Son көмектесті.

«Бұл қазақ — перу музыкалық фьюжні Димашқа, оның музыкасы мен халқының мәдениетіне жақындауға мүмкіндік берді. Оның арқасында географиялық жағынан алыс екі халық бір-біріне жақындасты. Музыка бастапқыда халықтың тарихымен байланысты, бұл оның дүниетанымының бөлігі. Біз «Дайдидауды» талдаған кезде Қазақстан мен Перу халықтары арасындағы сөзсіз музыкалық және мәдени ұқсастықты анықтадық», – деп түсіндірді Dimash Kudaibergen Peru World.

Нәтижесінде «Дайдидау» көп ұңғылы флейтада (пан-флейтада) шырқалды, шаранго аспабы домбыраны алмастырды, кена сыбызғы рөлінде өнер көрсетті, ал инктердің барабаны болып саналатын тинья қазақ дауылпазын алмастырды. Осылайша, Перудің музыкалық аспаптары андтың ерекше дыбысында «Дайдидаудың» сұлулығын көрсетті.

«Дайдидауды» тыңдаған кезде біздің генетикалық жадымыз өткенге тамыр жайған сияқты. Бұл керемет қазақ композициясы халықтың қайғы–қасіреті мен махаббаты бізге ежелгі Перу музыкасын, тарихымызды еске салады», — деді Dears.

Перудің халық аспаптарында дыбысталған «Дайдидау», Перуан Андында түсірілген және Димаштың «BASTAU» концертіндегі композицияны орындаған ресми бейнесіндегі үзінділермен толықтырылған бейнебаянда ұсынылған. Перулік суретші Фернандо Барриал жобаға перу-қазақ музыкалық және мәдени бірлігін бейнелейтін «Димаштың туған күніне орай «Дайдидау» анд жобасы» атты сурет салды.

Соңғы жаңалықтар

Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS шоуы

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...