Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында Sal-Seri арт-студиясы ашылды. Бұл жерде кескіндемеде өнеріне енді бет бұрғандарға жол көрсетіп, оңай әрі жаныңды тыныштандыратын іс екенін көрсетеді.
Өнер адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Шығармашылығын шыңдайды. Кез-келген адам өзін өнерден таба алады. Бастысы ниет және қолға қылқалам алып, ойыңды кенепке еркін жеткізе білсе болғаны. Қазақстан астанасына бір жарым ай бұрын қоныс аударған ару өзінің осы ойын жүзеге асырып, студия ашты. Директоры – талантты жас суретші Нұрай Медеуова.
Студияны ашу идеясы Нұрайға Нұр- Сұлтан қаласына көшкен кезде пайда болды. Ол астана мен өзі туған Алматы қаласының арасындағы мәдениет саласының айырмашылығын бірден байқады. Қоғамның назарын шығармашылыққа бұрып, бұл іске сүйіспеншілікті ояту үшін өз қолынан келгенін жасағысы келді.
Оның идеясын кескіндеме пәнінің мұғалімі Арыстан Смағұлов бірден қолдады:
«Қазір мәжбүрлеп оқшаулау кезеңінде өзін-өзі дамыту өте маңызды. Біз мүмкіндігінше көп адамды өнермен таныстыру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасағымыз келеді. Себебі қазір Қазақстанда , бейнелеу өнерін түсінетін адамдар да аз».
Нұрай да, Арыстан да жұмыс барысымен Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударған. Нұрай – заңгер. Алған білімі бойынша мансабын жалғастыру үшін келген. Ал Арыстан – Қазақ ұлттық өнер университетінде сабақ береді. Жаңа қалаға орнығып болған соң оларға галерея ашу идеясы келді. Олар қаражат жинап, ғимарат сатып алды.
Карантинге дейін ғимарат студия ретінде пайдаланылды. Онда Нұрай мен Арыстан сурет салатын. Кейін елордада кесіндеме өнерін дамытуға үлес қосуға ниеттеніп, қолдарынан келетін жолдарды іздеді. Шығармашылықтың бұл түріне жақын жастарды баулып, өнерді үйретуді қолжетімді етуді қолға алды.
Сал мен сері бір айтылғанмен айырмашылықтары бар. Сері салға қарағанда ұстамды жан. Сыпайы, бақуатты, талғаммен киінеді. Ал, сал – керісінше өзін ұстауы да киінуі де еркін.
Sal-Seri студиясын ашқандағы Нұрайдың негізгі ойы – бұл жердің есігі барлық деңгейдегі суретшілерге ашық болады. Академиялық мектепте білім алатындар, сюрреализм мен абстракцияны жақсы көретін, жаңа бастаған қылқалам шеберлері келе алады. дерге ашық екенін жеткізгісі келді. Өнерде жүргендердің деңгейі әртүрлі болғанына қарамастан, олар үлкен шығармашылық отбасына айналады.
Sal-Seri – нің ресми ашылуы қазан айының ортасында өтті. Бірақ пандемиялық жағдайға байланысты шара кейінге қалдырылды. Дегенмен, галереяға Арман Баймұратов, Азат Табиев, Мәлік Дүйсембаев, Нұржан Саутбеков, Айбек Әбдірашит және тағы басқа жас суретшілердің туындылары қойылған. Көрермен олардың шығармашылығымен еркін таныса алады.
Көрмеден басқа, студияда өнер кештері, шеберлік сағаттары мен сурет салу сабақтары да бар.
«Біз қонақтарымызға сурет салудың қаншалықты оңай және көңілді екенін көрсету үшін өнер кештерін ұйымдастырамыз. Мен кейбір адамдар хосттың алдында отырғанда аздап уайымдайтынын байқадым. Олар не салу керектігін білмей, қиналып қалады. Сондықтан өнер кештерінде біз адамдарға өздерін шектеуден арылуға көмектескіміз келеді. Біз қонақтарға таңдау үшін кез-келген сурет немесе тақырып береміз, олар оны бейнелеуге тырысады. Қылқаламның толқынымен бірте – бірте қолдың қозғалысы сенімдірек бола түседі. Кейін процес барысында бұл іске деген көзқарас өзгереді», – деді Нұрай.
Арт-студия әр түрлі өнер қайраткерлерін кезекпен шақырып, олар онлайн режимінде жас суретшілерге шеберлік сабақтарын берді. Осылайша, Нью-Йорктен келген шеберлер қазақстандық суретшілермен өз тәжірибелерімен бөлісті. Болашақта Sal- Seri-ге әлемнің әр түпкіріндегі білікті мамандарды тартуды жоспары бар.
Сондай-ақ студияда балалар үшін де, одан үлкен жастағы адамдар үшін де сурет салу мектебі ашылған. Алайда, пандемияға байланысты қазіргі уақытта студенттер саны шектеулі.
Sal-Seri -де Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Арыстан Смағұлов пен Сұлушаш Әлімбаева сабақ береді. Сондай-ақ, Нұрайдың өзі де оқыту процесінен үлкен ләззат алады. Өйткені ол әрқашан шығармашылықты жақсы көретін жаңа ұрпақ өсіруді армандаған.
Нұрайға сурет салу анасы мен әжесінен дарыған. Бала кезден қылқалам ұстап өскен ол шығармашылығын дамыту үшін керемет негіз болады деп санайды.
Суретші өз жұмысын белгілі бір жанрға арнамайды. Ол әлі де шығармашылық ізденісте. Натюрморт, пейзаж, портреттер салғанды ұнатады. Бірақ оның ең көп жұмысы сюрреализм мен символизмге байланысты.
Нұрай бала кезден қиын, жағымсыз жағдайдан қашпайды. Керісінше мұндай сәттерден шабыт алып, ол оның суреттерінде көрініс тапты.
Суретшінің туыныларының мұңды субтекстіне байланысты, оның шығармалары мектепте көрмеге қоюға көп рұқсат берілмейді. Алайда анасы мен әжесі Нұрайды әрдайым қолдап, қазір мүмкіндік болмаса, болашақта бұл жұмыстар өз жанкүйерлерін табады деп дем береді.
Эдинбург университетінің заң факультетін тәмамдаған Нұрай кескіндеме өнері мен заңтану бір – біріне өте ұқсас деп санайды. Өйткені барлық заңгерлер абстракт ойда болады. Олардың ойлау кеңістігі ауқымды және қызықты деп санайды.
Осылайша, бала кезінен туған-туыстарынан қолдау тапқан Нұрайдың Елордада жаңа өнер кеңістігін ашуына жетеледі. Ал қазір білікті әріптестерімен бірге Нұрай бейнелеу өнерін барлығына қол жетімді және түсінікті еткісі келеді.
Sal-Seri арт-студиясының мекне жайы – Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран, 42/1 орналасқан. 9:00-ден 22:00-ге дейін тегін кіруге болады.