«DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің«DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн концертін жариялайды

2475

Димаш өзінің алғашқы онлайн-концертін американдық Tixr.com. платформасында өткізеді. Билеттерді сатудан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылық бағытына жұмсалатын болады.

Пандемия басталғалы бұл әншінің алғашқы жаһандық қойылымы болмақшы. Концерт – әншінің перформанс шеңберіндегі жаңартылған бағдарламаның жаңа диджитал-форматтағы тұсаукесері.

Шоуда заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар интеграцияланатын болады. Бұл көрерменге әртістің жанды қойылымының атмосферасына барынша енуге мүмкіндік береді. Димаш Құдайбергеннің онлайн концертін ұйымдастыруда 140 адамнан тұратын интернационалдық команда еңбек етуде. Концерт барысында Димаш бірнеше тілде ән айтады.

«Димаш шығармашылығының жанкүйерлері үшін қызықты нәрсе жасауға тырыстық. Бірнеше ай бойы есте қаларлық және ерекше дүние жасау үшін үздіксіз еңбек еттік. Бұл концерт барлық көрерменге қуаныш сыйлап, соңғы уақытта барлығымызға қатты әсер еткен жағдайдан арылуға көмектессе деген тілегіміз бар», – деп бөлісті «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі, жобаның продюсері Қанат Айтбаев.

Концерт жөнінде Димаш былай дейді:

«Ең алдымен, мен осы концертті ұйымдастырумен айналысатын барлық командаға, сондай-ақ өз шығармашылығының жанкүйерлеріне  үлкен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен қайтадан сахнаға шығып, көрерменмен кездесуді асыға күтемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін».

Концерт белгілі әлемдік www.tixr.com. платформаласында өтеді.

2013 жылдан бастап TIXR кез келген ауқымдағы іс-шараны жоспарлауды, қайда не болатыны және билет индустриясын дамытудың жаһандық орталықтарының бірі саналады. Tixr компаниясы онлайн концерттер әлеміне қашықтықтан билет сату мақсатында құрылды.

Tixr платформасы әлемдегі жетекші клубтардың, фестивальдар, конференция және басқа да көптеген ұйымдардың серіктесі. Компанияның қуатты функциялары, сандық жүйелерді тиімді пайдалану әдісі, кешенді шешімдері ең мықты бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл платформаның өзі Санта-Мониканың жүрегі Калифорнияда орналасқан. Жетекші жүйе – атақты адамдар мен әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың миллиондаған жанкүйерлеріне қолжетімділік сыйлады. Осы платформаны 4 дүркін Грэмми Дрейк иегері, музыкант, актер және продюсер, бірнеше платина сыйлығын алған орындаушы Снуп Догг, аты аңызға айналған KISS рок-тобы және басқалары пайдаланды.

Концерттің нақты өтетін күнін білу үшін біздің жаңалықтарымызды қарап жүріңіз! www.dimashnews.com!