ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Стив Баракатт: Шығыс пен Батысты байланыстыратын музыка, мәдениет және...

Стив Баракатт: Шығыс пен Батысты байланыстыратын музыка, мәдениет және арман

Басты жаңалық Стив Баракатт: Шығыс пен Батысты байланыстыратын музыка, мәдениет және арман

Стив Баракатт: Шығыс пен Батысты байланыстыратын музыка, мәдениет және арман

Канадалық пианист әрі композитор Стив Баракатт 8 наурызда Қазақстанның астанасында «Астана Опера» театрының сахнасында өткен концертімен алғаш рет өнер көрсетті. DimashNews редакциясына берген сұхбатында маэстро Қазақстан туралы алған әсерімен бөлісіп, Шығыс пен Батыс арасындағы музыкалық диалогтың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

– Баракат мырза, сізді Қазақстанда көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз! Елордамызға сапарыңыз үшін және «Астана Опера» театрындағы тамаша өнеріңіз үшін көп рахмет. Астанаға сапарыңыз жылы естеліктермен есте қалады деп сенеміз.

– Жылы шыраймен қарсы алып алғандарыңызға алғысым шексіз. Қазақстанға келуім мен үшін шынымен де ерекше болды. Осы айтулы концертті 8 наурызда өткізу мен үшін үлкен мәртебе. Сол кеште алған әсер, энергия, шабыт менің жадымда мәңгі сақталады.

– DimashNews редакциясы Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын баяндап қана қоймай, еліміздегі және әлемдегі түрлі мәдени іс-шараларға да өз қызығушылығын білдіріп отырады. Сіздің шығармашылығыңыз бен Димаш шығармашылық жолы өте ұқсас. Бала кезіңізден бастап музыкалық біліммен сусындауыңыз, әлемнің көптеген елдерінің музыкасына деген үлкен қызығушылығыңыз бен халықаралық жобаларға қатысуыңыз – осының айғағы.

Өзіңіздің музыкалық біліміңіз туралы айтып бере аласыз ба? Сізге қандай жанрлар көбірек ұнайды?

– Мен Канадада, Солтүстік Америкадағы француз мәдениетінің бесігі деп аталып кеткен Квебек қаласында дүниеге келдім. Менің отбасым әртүрлі мәдени тамырларды байланыстырады. Әкем ливандық Баракатт әулетінен шыққан, ал анам француз текті Дюран әулетінен шыққан. Мұндай ортада музыканың маңызды рөл атқарғаны анық еді. Әкем жағынан барлығы музыкант болған. Сол себепті музыка – біз үшін өмірдің әртүрлі сәттерін бастан бірге өткеруімізге табиғи жол болды.

Мен классикалық музыканы төрт жасымнан бастап үйрене бастадым. Бірақ музыкалық білімім ерте басталғанына қарамастан, демалыс күндерім үнемі отбасыммен, ата-әжемнің үйінде музыкамен байланысты болатын. Көбінесе әжемнің ас үйінде таңғажайып ливан асханасының хош иістерімен сүйемелденіп жүретін.

Классикалық білімім жоғарылаған сайын басқа стильдерге, мәселен джаз бен поп-музыкаға деген қызығушылығым арта түсті. Маған жас кезімнен көрнекті ұстаздардан білім алып, талантты музыканттармен жұмыс жасау бақыты бұйырды. Мен олардан баға жетпес тәжірибе жинақтадым.

Музыка жазуды 15 жасымда бастадым. Дәл сол кезде музыка әлемі MIDI жүйесінің пайда болуымен технологиялық серпілісті бастан өткеріп жатқан болатын. Мені бұл жаңашылдық шабыттандырып, көп ұзамай технологияны шығармашылық үдерісіме кіріктіре бастадым. 17 жасымда-ақ жапондық Roland компаниясында музыкалық бағдарламашы болдым. Бұл мен үшін жаңа көкжиектерді ашып, өзімді әр қырынан көрсету мүмкіндіктерімді кеңейтті.

Нәтижесінде менің музыкалық білімім академиялық дайындықтың, әріптестермен тәжірибе алмасудың және шығармашылық процестің құрамдас бөлігі ретінде технологияны меңгерудің үйлесімді бірлігі болды.

Сондай-ақ, Селин Дион (мен оны 14 жасымда алғаш рет кездестірдім), Cirque du Soleil және Notre-Dame de Paris авторы Люк Пламондон сияқты керемет дарынды әншілер туған жерде өскендіктен, мен кішкентайымнан айналамнан шабыт алдым.

– Музыка алаңында жүргеніңізге көп жыл болды. Егер өміріңізді өткен жылдармен салыстырсаңыз, сіздің өмірді қабылдауыңызда, мүмкін талғамыңызда немесе музыкалық үрдістерде қандай да бір өзгерістер бар ма? Шабыт алуыңызға не әсер етеді?

– Мен өз жолымды ой елегінен өткізгенде, Шығыс пен Батыс мәдениеті тоғысқан ортада – тек музыкалық тұрғыдан ғана емес, философиялық тұрғыдан да тоғысқан ортада өскен екенмін. Бұл мүмкіндікке ие болғаныма шексіз ризамын. Бұл бірегей комбинация менің дүниетанымымды қалыптастырып, шығармашылығымды байыта түсті.

22 жасымда жапондық JVC-Victor Entertainment компаниясына продюсер болдым. Жапон мәдениеті мен философиясына еніп кету мен үшін ерекше бетбұрыс болды. Мен үшін жаңа көкжиектерді ашып, шығармашылыққа, өмірге және қарым-қатынасқа деген көзқарастардың бір ғана түрі емес шексіз түрі бар екенін түсінуге мүмкіндік берді. Жапондық компаниядағы сәттерім – менің бүкіл мансаптық өміріме баға жетпес құнды тәжірибе болып қала бермек.

Менің ливандық тамырым дүниетанымымды қалыптастыруда және әртүрлі мәдениеттегі адамдармен ортақ тіл таба білуде маңызды рөл атқарды. Ливан – Шығыс пен Батыс дәстүрлерінің тамаша үйлесімі. Мен бұл әртүрлі мәдениетті бала кезімнен бойыма сіңіріп өскендіктен халықаралық шығармашылық жобаларда өнер көрсету еш қиындық тудырмады.

Соңғы 30 жылда маған әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрнекті музыканттармен бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды. Бірақ менің жаңа музыкалық жаңалықтарға деген ерекше қызығушылығым сол баяғыдай еді. Негізгі шығармашылық мақсаттарымның бірі – еуропалық симфониялық оркестрдің тереңдігін әртүрлі халықтардың дәстүрлі аспаптарының ерекше үнімен үйлестіру. Мұндай үндестік шекаралар мен айырмашылықты бұзып өтіп, жүректі жаулап алатын әмбебап тілді қалыптастырады деп ойлаймын.

– Бұл сіздің Қазақстандағы алғашқы қойылымыңыз болды. Дүниежүзілік турыңыз тағы қай елдерде болды, сондай-ақ, сізді біздің елге келуге тағы қандай құдірет жетеледі?

— Мен Néoréalite гастролін көптеген елдерде қойдым. Әрбір қойылым менің музыкалық саяхатымның есте қаралықтай маңызды тарауларының бірі болып саналады. Бұл турда мен Нью-Йорктегі аты аңызға айналған Карнеги-холлдан Барселонадағы әсем Жерорта теңізіне, әйгілі Шанхай симфониялық залына, Румыниядағы керемет Афинеум мен Бакудегі таңғажайып Гейдар Әлиев орталығына дейін әлемдегі ең көрнекті орындарға бардым.

Néoréalité турын Қазақстанда қою идеясы қазақтың әйгілі кәсіпкері Асар Қадірмен кездесуден кейін пайда болды. Біз алғаш рет Мумбайда бір үлкен музыкалық конференцияда кездестік. Әңгімелесу барысында Асар Қазақстанның мәдениеті, тарихы мен көркем мұрасы туралы үлкен махаббатпен айтып беріп, мені қатты қызықтырған болатын.

Біздің ынтымақтастығымыз осылай басталды. Асардың адал еңбегінің, сондай-ақ Astana Opera мен Қазақстанның Канададағы Елшілігінің көмегінің арқасында бұл концертті Қазақстанның астанасында ерекше ықыласпен өткізіп алдық.

– Сіздің әлемдік турыңыздың аясындағы концерт «Neo-Reality» деп аталады. Осындай қызықты атауы бар бағдарламаның астарында не жатыр?

– Néoréalité – бұл кейде болжау мүмкін емес және күрделі болып көрінетін өмірдің әмбебап мәні деуімізге болады. Бұл бір сәт тоқтап, айналада болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзіңізбен де, айналаңыздағы әлеммен де байланысу.

– Astana Opera театрында сіз жүзге жуық музыкант, вокалист, балет әртістерімен бірге өнер көрсеттіңіз. Жалпы көп құрамды командамен серіктестік қалай болды?

– Бұл тамаша шығармашылық процесс болды. Біз жеке фортепиано пьесалары, симфониялық шығармалар, Айдан Қалжанның балет қойылымы және ЮНИСЕФтің Lullaby әнұранын орындайтын балалар хорының қатысуымен әсерлі финалды байланыстыратын бағдарламаны мұқият ойластырдық.

Дайындық Эльмар Бурибаевтың тамаша жетекшілігімен өтті. Барлық музыканттар керемет шеберліктері пен өнерге деген адалдықтарын көрсетті. Мен дәл осы командамен қуана-қуана қайта жұмыс істер едім.

– Сіздің Қазақстанға сапарыңызда қазақстандық музыканттармен серіктестік туралы сөз болды ма?

– Иә, осы сапарымда көптеген әсерлі кездесулер болды. Сол кездесулерде Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрін көрсететін халықаралық музыкалық жоба идеялары да пайда болды.

Әрине, Қазақстанның жетістігі – Димаш Құдайбергенмен серіктестік – Шығыс пен Батысты біріктіретін, дүние жүзіндегі тыңдармандардың көңілінен шығатын орындалған арман болар еді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

2025 жылдың 25 сәуірінде Virtuosos жобасының 10-шы мерейтойлық маусымының басты шығарылымы көрсетілді. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екінші рет...

Димаштың жанкүйерлері Прагада Наурыз мейрамына қатысты

2025 жылдың 12 сәуірінде Прагада қазақ халқының көктем, жаңару мен бірліктің символы болып саналатын басты мерекелерінің бірі – Наурыз...

«Димаштың музыкасы балалардың жүрегінде»: қазақстандық әртістің жанкүйерлері Мехикодағы кішкентай науқастарға мерекелік шара ұйымдастырды

11 сәуірде Мехикодағы Ұлттық педиатрия институтының қабырғасында ерекше оқиға орын алды. Сәуір айында Мексикадағы ұлдар мен қыздар күніне орай...

Бельгия радиосы Димашқа арналған арнайы хабар таратады

2025 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін бельгиялық AFM Radio 106.3 радиостанциясы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған екі...

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы «Stranger» концерті Қазақстан кинотеатрларында көрсетіл

27 мамырда Қазақстан кинотеатрларында Димаштың "Stranger" атты жеке концерті шығады! Премьера қарсаңында, 26 мамырда Almaty Arena сиадионында қазақстандық әртістің Dears...