ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Польшалық Димаштың жанкүйерлері Наурыз мейрамына орай Қазақстан туралы үстел...

Польшалық Димаштың жанкүйерлері Наурыз мейрамына орай Қазақстан туралы үстел ойынын ұйымдастырды

Dears Польшалық Димаштың жанкүйерлері Наурыз мейрамына орай Қазақстан туралы үстел ойынын ұйымдастырды

Польшалық Димаштың жанкүйерлері Наурыз мейрамына орай Қазақстан туралы үстел ойынын ұйымдастырды

22 наурызда Димаш Құдайбергеннің польшалық фан-клубы Наурыз мейрамын бірқатар мерекелік іс-шаралармен атап өтті. Ол іс-шаралардың бірі және бірегейі «Димашпен бірге Қазақстанды аралайық» атты үстел ойынының тұсаукесері болды.

Бұл стратегиялық ойын қатысушыларды Димаш Құдайбергеннің туған жеріне саяхат жасауға шақырады. Ойыншылар Қазақстанның керемет жерлеріне барып, қазақ елі мен мәдениеті туралы қызықты деректермен танысады. Іс-шараның басты сыйлығы — Астанадағы гипотетикалық концерт және Димашпен кездесу болады. Ойын поляк және ағылшын тілдерінде қол жетімді және жақын арада қазақ және испан тілдерінде де жарық көреді. Ойынның авторлары: Магдалена Холда, Сильвия Шайтер-Зиулек, Катажина Стшелиньска.

Тұсаукесер әншінің жанкүйерлері өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, нағыз қазақ дастарханын жайған Варшава мультимәдени орталығында өтті. Дастарханға бауырсақ, ірімшік, жент және құрт сияқты дәстүрлі тағамдар қойылды. Барлық тәттілерді жанкүйерлер өздерінің жеке рецепті бойынша дайындады.

Шараға Қазақстан өкілдері Нұрәлі Омарқұл мен Нұрхан Әбішев қатысып, Наурыз мейрамының тарихымен, оның символдары – «Наурыз көже» тағамы, ұлттық күрес пен ат бәйгелері туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесу соңында олар қазақтың әдет-ғұрпы бойынша шашу шашып, қонақтарға сәттілік серік болсын және молшылық болсын деген ниетпен тәттілер таратты.

Мереке барысында Варшавадағы “Димаш радиосында” қазақ музыкасы мен мерекесінің мәдениетін талқылауға арналған арнайы хабар өтті. Поляк жанкүйерлері Димашпен кездесу сәттерін асыға күтіп, алдағы концерттеріне дайындық үстінде.

Соңғы жаңалықтар

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...