ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Түркістан облысында Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасының «Voice Beyond Horizon»...

Түркістан облысында Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасының «Voice Beyond Horizon» түсірілімі басталды

Dimash World Түркістан облысында Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасының «Voice Beyond Horizon» түсірілімі басталды

Түркістан облысында Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасының «Voice Beyond Horizon» түсірілімі басталды

Түркістан облысында Димаш Құдайберген бас продюсерлік атқарған «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық шоудың түсірілімі басталды. Жобаға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен өнерпаздар қатысуда.

Музыкалық жобаға қатысушылар Түркістан қаласына пойызбен келді. Түсірілім жұмыстары аясында олар «Әзірет-Сұлтан» кешені, Отырар елді мекені, «Қаравансарай» туристік кешені, этноауыл және Сайрам-Өгем ұлттық саябағы.сынды бірқатар маңызды туристік және мәдени орындарды аралайды:

Байқауға қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.

Түркістан облысындағы түсірілім кезеңі аяқталған соң, музыкалық шоуға қатысушылар шығармашылық сапарын еліміздің басқа аймақтарында жалғастырады. Халықаралық жоба Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарын, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларын қамтиды. Шоудың финалы Қазақстанның астанасында жоспарланған.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жобаны Mango TV эфирлік және цифрлық платформасы арқылы күнделікті аудиториясы 210 миллионнан астам көрерменді құрайтын Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Соның арқасында дүние жүзіндегі миллиондаған көрермен Қазақстанның туристік әлеуетін байқай алады.

Жобаға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, сондай-ақ облыс әкімдіктері ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...