ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық "Витебск-2021": алғашқы конкурс күнінің қорытындысы

«Витебск-2021»: алғашқы конкурс күнінің қорытындысы

Басты жаңалық "Витебск-2021": алғашқы конкурс күнінің қорытындысы

«Витебск-2021»: алғашқы конкурс күнінің қорытындысы

17 шілдеде «Славян базары» өнер фестивалінің ажырамас бөлігі болып табылатын «Витебск-2021» эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық байқауының бірінші күні өтті. 

Биыл әлемнің 14 елінен келген қатысушылар «Витебск» жас орындаушылар байқауының Гран-при иегері – «Алтын лира» мүсіншесі және 20 мың доллар үшін бақ сынауда. Конкуртың ережесіне сәйкес, оған ұлттық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары атанған 18 жастан 31 жасқа дейінгі әншілер қатыса алады. Әр елден бір ғана өкіл бола алады. Бұл жолы Қазақстан намысын Рухия Байдукенова қорғайды.

«Әлемдік хит» деп аталатын байқаудың алғашқы күнінде қатысушылар әлемдік диаграммаларда жетекші орынға ие болған танымал туындыны орындады.

Әрбір әртістің өнер көрсетуі жеке шағын спектакль ретінде қабылданды. Көпшіліктің сүйікті композициялары «Тодес» шоу-балетінің хореографиялық қойылымдарымен шебер үйлестірілді. Байқауға қатысушылар мыңдаған көрермендер алдында өз дарындарын барынша ашуға және шығармашылық әріптестерінің алдында шеберліктерін көрсетуге тырысты.

Қатысушылардың өнерін келесі құрамда Анатолий Ярмоленко (Беларусь) төрағалық ететін халықаралық қазылар алқасы бағалады: Мишель Пома (Италия), Константин Москович (Молдова), Сергей Пенкин (Ресей), Таисия Повалий (Украина), Патрик Жан-Батист (Франция), Димаш Құдайберген (Қазақстан). Қазылар орындаушылық шеберлікті 10 балдық жүйе бойынша ашық электрондық дауыс беру арқылы бағалады.

cr: @tpovaliyofficial

Бірінші байқау күнінің нәтижелері бойынша ең көп ұпай санын екі қатысушы алды. Қазақстанның өкілі Рухия Байдукенова «Emotions» композициясымен және Сербиядан келген қатысушы Ирина Арсениевич «I surrender» әнімен 70 балдың 69 баллын жинады. Кешті «Rise like a phoenix» әнімен ашқан Украинадан келген қатысушы Рената Штифель 64 ұпаймен көшбасшылар үштігіне кірді.

Дәл осы үш қатысушы қазылар алқасының ең жас мүшесі, «Витебск-2015» Гран-при иегері Димаш Құдайбергеннен 10 балл алды.

Байқаудың екінші күні 18 шілде күні кешке өтеді. Онда қатысушылар славян елінің композиторларының эстрадалық әнін славян тілінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындайды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...