Игорь Крутой Димаш Құдайбергенге арнап Игорь Николаевпен бірге жазған “Я скучаю по тебе” әні туралы айтты.
Димаш Құдайберген НТВ телеарнасының “Центральное телевидение” бағдарламасында “Я скучаю по тебе” әнін ұсынды, деп хабарлайды DimashNews.
Автор Игорь Крутойдың айтуыншы туындыны жазу көп уақыт алған жоқ. “Шабыт келіп, ерекше әсерге жетелегені сонша саусақтарым еріксіз роял тетіктерінде қалықтай берді”.
Композитор туындының ғұмырлы болғанын қалады. Сол үшін өзінің әріптес досына қолқа салды.
«Әннің сөзін жазу үшін музыканы Игорь Николаевқа бердім. Әдетте екеуміз біріг жасаған іс хит болады. Мен бұл әннің халықтық болғанын қаладым. Барлық жерде, көңілді кеш, тыныш өтетін кешкі отырыстарда орындала берсе дедім», – деп Игорь Крутой DimashNews-ке берген сұхбатында ойымен бөлісті.
“Я скучаю по тебе” Игорь Крутойдың пандемиялық жағдайда жазылған алғашқы әні. Ол Димаш Қүдайбергенге арнап жазылған. Сондықтан композициямен қашықта отырып жұмыс істеу керек болды. Димаш әнді Қазақстандағы студиясында жазды. Орындау мен музыканы біріктіру, өңдеу жұмысы Грецияда атқарылды.
«Бұл оңай болған жоқ. Бірақ, шүкір, қазір контентті жеткізудің көптеген заманауи әдістері бар. Біз қашықтықтан кейбір жерін түзетіп, бірдеңені алып тастадық. Кейбір жері бастапқыдан эмоционалды болдЫ. Соңғы нұсқасы өте керемет шықты.
Димаштың дауысымен орындалған ән денеңді тіріткендіріп, өзгеше әсер береді. Бұл мен үшін автор ретінде қуанышты жағдай», – деді Игорь