ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Жеті жылдан кейін – Димаштың Лондон сахнасына оралуы

Жеті жылдан кейін – Димаштың Лондон сахнасына оралуы

Dimash World Жеті жылдан кейін – Димаштың Лондон сахнасына оралуы

Жеті жылдан кейін – Димаштың Лондон сахнасына оралуы

2025 жылдың 12 қарашасында Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында алғаш рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні шырқалды. Димаш Құдайбергеннің «Stranger» жеке туры аясындағы концерті өтті. Кеш бойы залды толтырған мыңдаған көрермен қазақ тіліндегі әндерді бірге айтып, соңы хорға айналып отырды.

«Жеті жылдан соң Лондон сахнасына қайта оралғаныма қуаныштымын, – деді Димаш көрерменге арнаған сөзінде. – Dears-тың алдында өнер көрсеткен сайын олардың ерекше махаббатын, тыныштық пен туған үйдің жылуындай жылулық сезінемін».

Шынында да, үлкен отбасылық жылы атмосфера орнаған кеште көрермендер ағылшын, қазақ, орыс, қытай, француз, испан және итальян тілдеріндегі әндерді зор ықыласпен қабылдады.

Димаштың шоуы көрерменге бір сәт те тыныс бермеді. Үзілістерде экранда көрсетілген кинематографиялық бейнелер жолаушының жаңа шабыт іздеген рухани сапары туралы баяндай түсті. Ал музыкалық үзілістерде сахнаға Димаштың інісі Мансұр Құдайберген шығып, аспаптық туындыларды орындап, көрерменге жаңа леп сыйлады.

Әрбір нөмір – өзінше бір шағын спектакль, онда эмоция мен образдар бір сәтте «Ұмытылмас күн» шығармасындағы нәзік сағыныштан бастап, «Give Me Your Love» композициясындағы жарқын энергияға дейін, «Самғау» әніндегі отансүйгіш рухтан «Fire» нөміріндегі кинематографиялық әсерге дейін алмасып отырды.

Көрермендер әрдайым сүйікті әртісін барынша қолдайдап отырады. OVO Arena Wembley сахнасында да олар Димаштың ең маңызды авторлық туындыларының бірі – «The Story of One Sky» композициясын орындау кезінде әппақ жүректерді жоғары көтеріп, «Біз өмірді таңдаймыз» деген ортақ ұстанымдарын көрсете білді.

Димаш үшін оның командасы – үлкен шығармашылық отбасының ажырамас мүшелері. Сол себепті ол әр концертінің соңында өзімен бірге Қазақстанды әлемге танытып жүрген достары мен әріптестеріне ерекше алғыс айтады.

Лондондағы концертте алғаш рет Димаш Олжас Құрманбекті көпгілікке таныстырып, қобыздың сүйемелдеуімен әсем вокалдық импровизация орындады. Кейін домбырашылармен бірге экспромт түрде «Әлқисса» күйін тартып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ сахнада техникалық директор Алексей Белый, барабаншы Роман Алексеев және биші Рустам (Fortisx)-ты туған күндерімен құттықтап, оларға арнап «Happy Birthday» әнін шырқап берді.

Еуропалық гастрольдік тур өз жалғасын тпбуда – 14 қарашада Димаш өз тыңдармандарын Берлиндегі Max-Schmeling-Halle аренасында күтеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Кудайберген Freedom Inside форумына қатысты

2026 жылы 9 сәуірде Астанада алғаш рет Freedom Inside форумы өтті. Пікірталас алаңының жұмысына шақырылған амбассадор ретінде Қазақстанның Халық...

Бакир Тәжібаев: әндері халықтың үніне айналған ақын

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірі, 2026 жылғы Наурыз айы. Республика алаңында көпшілікке кеңінен танымал «Ақбұлақ» әні шырқалуда. Аталған туындыны...

Домбырашылар «Temirlan&Yernat» дуэті және Абильмансұр Құдайберген Түркістан, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өнер көрсетеді

Түркиядағы «Bridge TV need for fest», Израильдегі «Music World» және АҚШ-та өткен «World Championship» байқауларының жеңімпаздары, сондай-ақ әуендері Air...

K-pop-тан рэпке дейін: Димаш Құдайбергеннің «Living for the game» жаңа әні қалай дүниеге келді? Бұл туралы қосавторлар Кэндис Кэлли мен Дмитро Гордон айтып берді

2 сәуір күні Voice Beyond Horizon шоуы аясында Димаш өзінің авторлық «Living for the game» композициясын таныстырды. Жоба үшін...

Испанияда Димаш пен оның жанкүйерлері туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді

Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері әншінің шығармашылығына және оның халықаралық аудиториясының феноменіне арналған деректі фильм түсіру жұмысын аяқтады. https://www.youtube.com/watch?v=Qx8zZqPjCb4 Жоба...