Ғарышта кімдер селфи жасаған?

45

Кристина Кох – Халықаралық ғарыш станциясының сыртында жүріп, космоста селфи жасаған алғашқы әйел екен.

Сонымен қатар ол Халықаралық ғарыш станциясында әйел ғарышкерлер арасында ең ұзақ мерзімде болып, рекорд жасады. Станцияда 328 күн жүріп, Жерді 5 200-ден астам рет айналып өткен.

Оған дейінгі рекордты ғарышта 288 күн болған Пегги Уитсон орнатқан болатын.

Айта кетсек, рекорт орнатқан Кристина Кох отырған «Союз МС-14» ғарыш кемесі 6 ақпан күні Жерге оралды. ХҒС бортында Кристина Кох 210-нан астам ғылыми зерттеуге қатысты. Сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясынан Жердің және онда болып жатқан түрлі оқиғалардың ғарыштан суреттерін түсірді.

Ал «ғарыштағы селфидің» ең алғашқы авторы – Базза Олдрин. Ол 1966 жылы ашық ғарышта ұзақ уақыт болып рекорд орнатып қана қоймай, бүкіл адамзат үшін тарихи суретке арналған селфи түсірген.