Құрметті Dears, «Tokyo JAZZ+plus LIVE STREAM festival-дің» қызықты флэшмобына қатысуға асығыңыз

1390

Көптен күткен «TOKYO JAZZ+plus LIVE STREAM FESTIVAL» онлайн-концертіне санаулы күн қалды. Фестивальдің флэшмобына қатысуға асығыңыз!

Димашқа және бүкіл әлемге жүрекжарды тілегімізді жолдайық!

Өтініш, Димаштың әнінен нәр алатын барша адамзатқа ізгі тілектер жазылған плакаттың суретін электронды поштамызға (аталған тақырыпқа орай) жолдаңыз.

ақырып]: Бүкіл әлемге күш беретін жүрекжарды жолдау.

Қажетті суретті қалай түсіру керек:

  • Қолдан жазылған тілегіңіз бар қағазбен суретке түсіңіз (төменнен бейнеде көрсетілгендей)

 

 

  • Фотосурет горизонтальды және 2МБ-тан (формат JPG/JPEG) аспауы тиіс. Көлемі шамамен: 300-600 dpi

Фотосуретті смартфоныңыздың көмегімен түсіруге болады. (Өтініш, жолдар алдында сурет көлемінің 2МБ-тан артық болмайтынына көз жеткізіңіз).

Фотосуретті қалай жолдау керек:

1. Суретіңізді келесі электронды мекенжайға жолдаңыз. Ескерту: хат жолдайтын кезде жұлдызша белгісін @ белгісіне ауытырыңыз. Сонымен бірге, төменнен орналасқан QR-кодты қолдануыңызға болады.

 

 

 

 

email: d58ce93e3a112dcf9b5b406615243134★m.30d.jp

2. Хатты жолдайтын кезде «Тақырып» жолында өз атыңыз бен еліңізді көрсетіңіз.

※ Бұл ақпарат еш жерде жария етілмейді. Біз тек Сіздің суретіңізді қолданамыз.

3. Өтініш, хатта жүктелген суреттен өзге ештеңе жазбаңыз. (Әр сұраққа жауап жазуға мүмкіндігіміз жоқ)

※ Электронды поштамыздың ерекше жүйесіне байланысты, хат жолдаушының мекенжайы көрінбейді. Сондықтан, біз Сіздің хатыңызға жауап бере алмаймыз. Түсіністік танытқаныңыз үшін рахмет.

4. Суретті хатқа жүктеп, жөнелтіңіз.

Жөнелтерде көлемін 2МБ-қа азайтыңыз.

Егер Сіз хаттың қате жөнелтілгені туралы ақпарат алмасаңыз, онда хатыңыздың дұрыс жеткені. Хатыңыздың жеткені туралы Сізге жеке жауап жаза алмайтынымызды ескеріңіз.

◊ Сурет жолдаудың ең соңғы мерзімі:

19 мамыр 12:00 UCT/GMT бойынша  

<ескерту> 19 мамыр 21:00 Токио уақыты бойынша (UCT/GMT +9)

<ескерту> 19 мамыр 18:00 НұрСұлтан уақыты бойынша (UCT/GMT +6)

◊ Шарттары. ※ Өтініш, хатты жөнелтпес бұрын оқып шығыңыз.

Біз әр қатысушыдан бір фотосурет қабылдаймыз. Егер қатысушы бірнеше фото жолдаса, тек біреуі таңдалады.

Біз суретті өшіру туралы қандай да бір өтінішке жауап бере алмаймыз. Сондықтан, хатты жолдар алдында мұқият тексеріп шығыңыз.

Сіз жолдаған сурет кейін «TOKYO JAZZ+plus FESTIVAL» фестивалімен байланысы бар шараларға пайдаланылады.

Көп мөлшерде сурет жиналған кезде, арасынан тек кейбірін іріктейміз. Назар аударыңыз, Сіздің суретіңіз қолданылмай қалуы да мүмкін.

Біз Сіздің суретіңізді жүрекжарды және жылуға толы тілектеріңізбен асыға күтеміз. Жобаға қатысы жоқ деп танылған фотолар пайдаланылмайтынын ескеріңіз. Мазмұны ыңғайсыз фотоларды жолдамағаныңыз дұрыс. Суретіңіздің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы жеке сұрақтарға жауап бере алмаймыз.

Суретке қай жерде түсу керек – ол әр қатысушының өзі шешімі. Алайда, суретке түсетін орынды дұрыс таңдаңыз. Әсіресе, коронавирус індеті пандемиясы кезінде. Мүмкіндігінше, суретті үй жағдайында жасағаныңыз дұрыс.

құрметпен, Tokyo JAZZ+plus festival