Димаштың «We Are One» әні алтын сертификатқа ие болды

1137

Димаш Құдайбергеннің «We Are One» әні Қытайдың QQ музыкалық платформасында алтын сертификатқа ие болды. Фанаттардың талпынысы мен қолдауының арқасында сингл 1 миллионнан астам танымалдылық индексін жинады. Бұл туралы Димаштың Қытайдағы ресми фанклубының парақшасы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 20 сәуірінде Димаштың ресми YouTube каналында жаңа «We Are One» клипі жарияланды. Ән коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген барлық қызметкерге арналады.

Осы әні арқылы орындаушы күні-түні өз денсаулығын тәуекел етіп, өзгелердің өмірін құтқарып жүрген алдыңғы қатарлы медицина қызметкерлеріне алғысын білдіреді.

Жан тербетер әннің авторлары: Gao Shang/Shang Yang және Dong Nan/Tang Yi.