Димаш жайлы “D’R’S” манганың пайда болу тарихы

1323

24 мамырда Димаштың туған күні қарсаңында әншінің қатысуымен жаңа қызықты DimashManga жобасы туралы хабарланған болатын. Бүгін назарларыңызға жобаның шығу тарихы мен оның талантты командасы туралы баяндаймыз!

Dimash Manga (Manga D’R’S) – Димаш Құдайбергеннің қатысуымен кәсіби суретшілер және сценаристер командасымен жасалған және 8 тілге аударылған жаңа ресми жоба.

Dimash Manga командасының Destiny..Range..Sacrament (D’R’S аббревиатурасының тарқатылып жазылуы) деген атпен алғашқы манга шығарылымы бойынша жұмысы 2020 жылдың 24 мамыры – әншінің Туған күнінде хабарланды және осы атаулы күнде Димаштың жанкүйерлері үшін керемет тарту болды.

D’R’S – бұл манга (ақ-қара түсті жапон комиксі) форматында бейнеленген және баяндалған тартымды оқиға. Мангадағы басты кейіпкерлердің бірі ретінде Димаш Құдайбергеннің өзі қатысады, ал бірқатар оқиғалар әншінің концертінің мотиві бойынша суреттеледі.

«Алға керемет мақсат қойдық. Жарқын да есте сақталатын кейіпкерлері бар өз алдына қызықты болатын оқиға желісін құрғымыз келді. Ал, басты кейіпкер Димаш Құдайбергеннің айналасында болып жатқан жайттар оның шығармашылығын жіті қадағалап отырған және енді таныса бастаған жандарға қызықты болу керек. Сюжеттің әрбір деталі, атмосферасы, локация және барлық-дерлік кейіпкерлерді  D’R’S мангасының ерекше әлемін жасамақ болған команда ойластырып шығарды. Оқырманымызға үлкен мақтанышпен жеткізгіміз келетін шығарма», – дейді жобаның негізін қалаушы әрі жетекшісі Andrew B.

Manga D’R’S жобасымен Ресейдің мықты саналатын суретшілер командасы айналысып жатыр. Шығарманың графикалық бөлігіне ерекше ынтамен және зор сүйіспеншілікпен қарайтын олар дәстүрлі жапон мангасының барлық ерекшелігін сақтау үшін барын салуда.

Манга стилистикасындағы туындыны жасау үшін шыдамдылық пен көп жұмыстану керек: шеберлер тобы кейіпкерлердің концептімен, кадрлеу жұмыстарымен айналысты, және басты ауқымды жұмыс – парақтарға суреттер салды. Алдымен параққа сұлба салынады, содан кейін графикалық планшетте әрленеді, әрі қарай тоны қойылады.

Парақтағы алғашқы штрихтардан бастап ақырғы өңдеу жұмыстарына дейін шамамен 15-20 сағат уақыт жұмсалады. Біздің суретшілер бірнеше ай қатарынан жарқын да өзіндік болмысы бар туындыларды дүниеге әкелді. Талантты шығармашылық ұжымның жұмысының нәтижесіне мін тағу мүмкін емес.

Суретшілерден өзге командада сценарист, аудармашылар, интернетте тарату және сайт жасау бойынша мамандар, видеорежиссер және музыкант бар. Команданың Жапониядағы өкілі манганың жанр стандартына сәйкестігін қадағалап отырады, сонымен бірге, жобаның ең негізгі аудиториясы – Димаштың жапон жанкүйерлері қауымдастығы мен манганы жақсы көретіндермен байланысқа жауап береді.

Жоба өнімдерінің құрамына манганың Цифрлы нұсқасы, кітаптың Стандартты және Премиум форматта орындалған баспа түрі кіреді, сонымен бірге қоымша ретінде рингтондар, хабарламаларға стикерлер, т.б. бар. Болашақта манга мотиві бойынша компьютерлік және мобильді ойындар, аксессуарлар тізбегі, фигуралар, т.б. шығару жоспарда бар.

Кітаптың баспа нұсқасы екі вариантта шығарылды: Стандарт (“paperback” қағаз мұқабада В6 форматымен) және Премиум формат (А4 формат, қымбат қағаз, қаттама – тігілген, мұқабасы – ағаш және эко былғары). Алғашқы кітап бонус беттері мен мұқабасын қоса есептегенде 141 беттен тұрады.

Туындының Ресейде әзірленуі мен оған Димаш Құдайбергеннің өзінің қатысуы жобаға ерекше сипат беріп, тіпті, жапон аудиториясы өкілдерінің пайымынша да, “D.R.S” мангасын өзгелерден ерекшелеп тұр. D’R’S манганың тағы бір ерекшелігі – сюжетте Амстердам қаласының орталығында музейге қойылған «Mona 1.618» картинасының қолданылуы. Картина туралы қосымша мәліметті www.neobell.info сайтынан қарауға болады.

Алдағы уақытта жоба командасы мен Dimash Ali продюсерлік орталығы Димаштың жанкүйерлері мен манганы жақсы көретіндерді жаңа сюжет иірімдерімен жиі қуанту мақсатында Manga D’R’S жаңа шығарылымдарын жылына кем дегенде екі рет әзірлеуді ойластырып отыр!

Жаһандық әлеуметтік желілер:
Facebook (аккаунт)(账号)https://www.facebook.com/dimash.manga
Facebook (парақша)(页面)https://www.facebook.com/Dimash-Manga-102288011471928
Instagramhttps://www.instagram.com/Dimash.Manga
Twitterhttps://twitter.com/DimashManga
YouTubehttps://www.youtube.com/channel/UC8V0b4cW21FM93Y1cxS6gwg
Telegram каналt.me/dimash_manga
Tik Tokwww.tiktok.com/@dimash.manga
Орыс тіліндегі әлеуметтік желілер:
ВКонтактеhttps://vk.com/dimashmanga
Одноклассникиhttps://ok.ru/profile/580233881787
Қытай тіліндегі әлеуметтік желілер:
Weibohttps://www.weibo.com/7452298924
Baidu Tiebahttps://tieba.baidu.com/home/main?id=tb.1.648eb59d.SbR1fhTBHvkl2lWnWuEcGg
Renrenhttp://www.renren.com/974241906/
Zhihuhttps://www.zhihu.com/people/di-ma-xi-man-hua
Doubanhttps://www.douban.com/people/dimashmanga/
QQhttps://clck.ru/NcRm7
WeChat IDdimashmanga
Жапон тіліндегі әлеуметтік желілер:
Facebookhttps://www.facebook.com/dimashmanga.japan
Instagramhttps://www.instagram.com/Dimash.Manga.Japan