Латыш халқының Лиго халықтық мерекесінде Дайдидау шырқалды

1191

23 маусымнан 24 маусымға қараған түні Латвияда Лиго немесе Янов күні – қазақ халқының Наурыз мейрамына ұқсас ежелгі, танымал әрі сүйікті мерекелері атап өтіледі. Осы күнге орай латвиялық «PIK 100FM» радиостанциясында алғаш рет Димаштың «Дайдидау» әні орындалды.

Бұл мерекенің мағынасы – Янис құнарлылық құдайына құрмет көрсетуде екен. Лиго жылдың ең қысқа түнінде атап өтіледі. Мереке – күн мен құнарлылыққа құрмет көрсетуге байланысты. Жаз мезгіліндегі күн жағдайы мерекесі саналады. Лиго күні деп аталуына осы күні қайырмасында «лиго» деген сөзі бар әннің айтылуы себеп болса керек (ligoties – дірілдеу), осылайша күн ұясынан көтерілгенін тілейді.

Лиго – бұл сакралды ғұрыптары бар, тұнып тұрған философия. Янов күні христиандық басталғанға дейін шаруалардың мерекесі ретінде қабылданған. Оны табиғат аясында тойлайды. Бұл күні шөп орады, өйткені орылған шөп емдік сиқырлы күшке ие болады деген түсінік бар, емен жапырақтарынан гүл шоқтары тоқылады, онымен адамдар өздерін әдемілеп, үйлерін және үй жануарларын сәндеген. Үйге зұлым күштер кіріп кетпесін деген оймен қайың, емен және руан, папоротник жапырақтарымен, түймедақ, қалақай және тікенекпен безендірген.

Ең алдымен осы екі күнде – 23 маусымда Лига есімді қыздар, ал 24 маусымда Янис есімді ер балалар туған күндерін тойлайды. Янис есімді туған күн иелеріне емен шоқтарын кигізеді, ал Лигаларға алқап гүлдерінен тағады, осылайша оларды ажыратуға болады.

Бұл мерекеде міндетті түрде суға түсіп, алаудың үстінен секіру керек. Отты ежелгі дәстүр бойынша төбешікте жағады, осылайша жеңісті сәтті күнге көрсету керек деп санайды. Оттан секіру – артық заттан арылуды білдіреді. Сонымен бірге, оттың айналасында ән айтылады, би биленеді, көңіл көтеріледі.

Би алқаптың құнарлы болуына, сонымен бірге үй жануарларының көбеюіне септігін тигізеді деген наным бар. Бірін-бірі сүйгендер қол ұстасып оттан секіру арқылы махаббаттарының беріктігін тексереді. Егер секіріп бара жатып, қолдары ажырап кетсе, махаббаттары ұзаққа бармайды деген түсінік бар. Түн жарымында жастар суға барады, қыз балалар басындағы гүл шоқтарын суға жібереді, егер батып кетпесе, биыл күзде күйеуге кетеді.

Түн жарық бола түсуі үшін бөшкелерді жағады. Неғұрлым биікке қойып жақса, соғұрлым көрші ауылдарға Лиго тойлап жатқаны көрінеді. Түн ортасында жастар гүлденіп жатқан папоротник – бақыт символын іздеуге шығады. Жұмбақ гүл тек Янов түнінде гүлдейді дейді жұрт. Аңыз бойынша, кім оны табады, сол өмір бойы бақытты болады.

Янов түнінде таңға дейін ұйықтауға болмайды. Ән мен би таңға дейін жалғасу керек. Әрдайым ақша болу үшін таңертең жалаң аяқ шықтың үстімен жаяу жүріп шығу керек. Әйелдер әдемі болуы үшін бетін шықпен жуу керек.

Лиго мерекесінде ірімшік жеп, сұлы сырасын ішеді. Ірімшікке міндетті түрде зере қосылуы керек, зере барлық жамандықтан аластайды деген сенім бар. Жүздеген жылдар бойы Лиго мен Янов күндері Латвияда барлық ғұрыптар сақталып тойланып келеді.

Биыл Димаштың “Dimash Latvia Dears” фан-клубы латвиялық Radio PIK 100FM радиосымен бірлесе отырып, сүйікті мерекеге тарту жасап отыр. Мерекелік үш күн қатарынан – 20, 22 және 24 маусымда Латвияда әуе толқынында алғаш рет қазақ тілінде ән шырқалады. Бұл қазақстандық орындаушының “Дайдидау” әні.

Материал подготовлен Dimash Latvia Dears