«MangaDRSArtContest» байқауының жеңімпазы белгілі болды

995

10 маусымда «DimashManga» жобасының командасы «MangaDRSArtContest» деген атаумен Димаш Құдайбергенмен жаңа үздік бейне конкурсы туралы хабарлаған болатын. Енді апта сайын өтетін бұл конкурсқа кез келген суретші өз туындысын жолдап, бас жүлде – электронды D’R’S манга шығармасына сертификат ұтып ала алады.  

Конкурстың алғашқы аптасында 9 адам қатысып, өздерінің адам сенгісіз туындыларымен бөліскен болатын. Жеңімпаздарды комментарийде өздеріне ұнаған сурет нөмірлеріне дауыс беру арқылы Dears анықтады.

Кейін жоба командасы конкурс жарияланған барлық әлеуметтік желілердегі дауыстарды санады. Алғашқы аптаның дауыс беру қорытындысына сәйкес, 7 нөмірлі конкурсант – @art_drawing_dq жеңімпаз деп танылып, D’R’S электронды манга шығармасына сертификат алды.

«Dimash Manga» жобасының командасы келесі аптаның конкурсанттарын тағатсыздана күтеді және барлығына табыс тілейді!

Конкурс жөнінде толық ақпаратты әлеуметтік желілердегі «Dimash Manga» ресми аккаунттарынан таба аласыздар:

https://facebook.com/dimash.manga.drs
https://instagram.com/Dimash.Manga
https://twitter.com/DimashManga
https://youtube.com/c/dimashmanga
https://vk.com/dimash.manga
https://ok.ru/dimash.manga
https://t.me/dimash_manga
https://tiktok.com/@dimash.manga
https://weibo.com/7452298924