Димаштың әндері грек радиосында шырқала бастады

106

Маусым айының басында Грекияның танымал «Radio1 101FM» радиосында 30 минут көлемінде Димаштың әндері шырқалды. Аталған радиостанция қазақстандық орындаушының шығармашылығынан хабардар, жалпы, Димаштың әндерінің бұл толқында шырқалуы алғаш емес. 

2019 жылдың қыркүйек айынан бері Димаштың фан-клубының қатысушылары өз елінің жергілікті радиостанцияларына Димаштың әндерін қосу мақсатында электронды хаттар жолдай бастады.

Димаштың шығармашылығымен танысқан Солтүстік Грекиядағы танымал радиолардың бірінің продюсері Анастасия Конуопидің ерекше әсер алғаны сол, әншінің әндерін күн сайын эфирге шығаратын болды.

Қазақстандық әншінің әндері радио толқынында естіле бастағаннан-ақ Анастасияға көптеген сезімге толы және таңданыстарын жасырмаған хаттар легі келе бастады. Ал «DQGreece» фан-клубының қатысушылар саны күн санап арта бастады. Грекиялық Dears-тің ендігі арманы – Одеон Герода Аттика сахнасында Афины қаласының ашық аспаны астында Димаштың концертін өткізу.