Финляндиядағы кеш: фин жанкүйерлер Қазақстанның мәдениеті және тарихымен таныса бастады

353

13 маусымда Финляндияның Хейнола қаласында  Димаша Құдайбергеннің «DK Fan Club Finland» фан-клубының ұйымдастыруымен кеш өтті. Кеш мақсаты – сүйікті орындаушыларының шығармашылығын талқылап, жақсы уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әншінің отанының мәдениеті мен тарихы туралы көптеген жаңа мәлімет білу. Бүгінде Финляндияда тұрып жатқан қазақстандықтар Димаштың отаны туралы қуана-қуана айтып берді.

Шағын кездесу живопиське толы «Kailas» дәмханасында өтті. Финляндиялық Dears Димаштың шығармашылығы мен Қазақстанның мәдениеті, тарихы туралы жаңа мәлімет алу мақсатында бұрыннан бері кездесуді жоспарлап жүрген болатын.

Коронавирус індетіне байланысты кездесу ұзақ уақыт кейінге қалдырылып келді. Алайда, Финляндияда қалай жағдай жақсара бастады, Dears та әрі кеткенде 50 адамға арналған шағын кеш өткізуге рұқсат алды.

Кеште әншінің жанкүйерлерінің қазіргі таңда Финляндияда тұрып жатқан қазақстандық достары Шынар Әлімханова, Гүлжаухар Әлімханова және Асқар Сақыпов қазақ елінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп берді, сонымен бірге, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды. Dears пен қонақтар кештен керемет әсер алды. Енді фин фанаттар тағы да қызықты шаралар өткізу үшін тезірек карантиннің аяқталуын күтіп жүр.

Аталған кеш жөнінде Финляндияның танымал «Etelä-Suomen Sanomat» басылымы жариялады. Финдік Dears фан-клубтың қызметі мен Димаштың шығармашылығының елдегі жетекші басылым тарапынан еленгеніне қатты қуанды. Финляндиядағы жанкүйерлер әншінің шығармашылығын жергілікті газеттер мен радиостанцияларда, телеарналарда одан әрі кеңінен жарияламақ ниетте.

Димаштың Финляндиядағы «DK Fan Club Finland» фан-клубын 2018 жылы Ану Койвуниеми есімді бойжеткен құрған. Финдік фан-клубтың ресми парақшаларында мыңнан астам белсенді қатысушы тіркелген.

Коронавирус індетінің пандемиясына байланысты қазіргі таңда фан-клуб жұмысының басым бөлігі қашықтықтан жүргізіліп жатыр. Осыған дейін фин фанаттар шетелдегі концерттерде бірін-бірі тез табу мақсатында өз логотиптері мен жеке мерчтерін жасаған болатын.

Фин жанкүйерлер концерттерге басымдық береді, бір жағынан Димаштың шығармашылығы жайлы жерлестері көбірек білсе дейді. Ондағы жанкүйерлердің басты армандарының бірі – сүйікті орындаушыларының Финляндияда концертін өткізу. Сол үшін де әншінің музыкасын елде кеңінен таратуға атсалысып келеді.

Біздің фан-клуб тағы бір үлкен шара өткізуді жоспарлап отыр. Ол биыл күзде немесе 2021 жылы көктемде өтуі мүмкін. Бұл кеште Хейноладағы фанаттар музыка тыңдап, қазақ халқының мәдениетімен жақын таныса түседі. Оған Финляндияда тұрып жатқан қазақстандықтар көмектеседі. Қазақстаннан келген достарымыз ән айтып, ел тарихынан сыр шертпек, сонымен бірге ұлттық аспап – домбырамен таныстырады. Бұл кеш Димаш пен оның музыкасына арналады. Сонымен бірге, фин Dears жақсы көретін әншілеріне видеожолдау жасамақ ниетте, – дейді «DK Fan Club Finland» фан-клубының негізін қалаушы Ану Койвуниеми.

DK Fanclub Finland